kz ru en

АСТАНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРМЕН ЖАСАҚТАЛДЫ


АСТАНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРМЕН ЖАСАҚТАЛДЫ

Астаналық жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықты, солардың ішінде 20-сы желіге қосылды, қосымша жыл соңына дейін тағы 32 автомобиль қойылады. Барлық автомобильдер "Астана Моторс" компаниясының автомобиль құрастыру кәсіпорынанда отандық өндірістен шыққан. Автомобиль кілттерін ұсынуға арналған салтанатты рәсімге астана әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Астаналық жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықты, солардың ішінде 20-сы желіге қосылды, қосымша жыл соңына дейін тағы 32 автомобиль қойылады. Барлық автомобильдер "Астана Моторс" компаниясының автомобиль құрастыру кәсіпорынанда отандық өндірістен шыққан. Автомобиль кілттерін ұсынуға арналған салтанатты рәсімге астана әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Жаңа автопарктің барлық машиналары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы дайындалған стандарттарға сай және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. 27 автомобиль шұғыл жәрдемге (С класты) арналған реанимобиль. 25 машина қарқынды терапияға, бақылауға және науқастар мен зардап шеккендерді тасымалдауға арналған (В класты).

Hyundai H350-ді құрастыру кезінде қазақстандық мөлшердің үлесі 33 пайызға жетеді, оның ішіне негізгі модельді заманауи арнайы құралдармен жабдықтау да кіреді. Hyundai H350 Ambulance науқасты тағайындалған орынға жайлы әрі қауіпсіз жеткізуге қабілетті. Модель барынша тиімді жобаланған салонға ие, сондай-ақ барлық қажетті құралдармен және желдеткішпен жабдықталған.

Топтамадағы машиналардың басым бөлігі – қарқынды терапия жүргізіп, бақылау жасап, шұғыл медициналық көмекке зәру науқастарды тасымалдау мүмкіндігі бар реанимобильдер. Бұл ауруханаға бара жатқан жолда науқасқа медициналық көмек көрсету үшін жабдықталған өзіндік мобильді реанимациялық палата. Сондай-ақ машиналарда бейнетіркеу жүйесі, кондициялау және қосымша жылыту аспаптары бар.

Hyundai H 350 Ambulance-тің бәсекелестері алдындағы артықшылығы – жоғары сапасы, пайдаланудағы сенімділігі және ұзақ мерзімділігі.  Автомобильдегі түйіндер мен агрегаттардың жоғары сенімділігі оны сынып қалудан қорықпастан, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Отандық құрастырылым, қарқынды пайдалану кезінде төзімділікті қамтамасыз ететін сенімді қозғалтқыш және берік конструкция Hyundai H350 Ambulance-ке тиімді әрі қолайлы автомобиль деген бедел сыйлады. «Астана Моторс» компаниясының автомобиль құрастыратын кәсіпорны жүріске шектеу қоймастан 3 жылдық өндірістік кепілдік ұсынады.   


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.