SUBARU – ӨЗ ҚАТАРЫНДАҒЫ ЕҢ ҚАУІПСІЗ АВТОМОБИЛЬ
09/01/2020
09/01/2020
Euro NCAP 2019-шы жылдың нәтижесін жариялады, оған сәйкес Subaru автомобильдері қауіпсіздігі жағынан ең жоғары ұпайға ие болды.
Автомобиль өндірісі жаңадан пайда болғанда көлік құралдарының қауіпсіздігі жайлы ешкім ойлаған жоқ. Біраз уақыт өткен соң, инженерлер егер автомобильдің корпусы, шанағы немесе қаңқасы соқтығыс кезінде мыжылып қалатындай болып жасалмаса, соқтығыс кезіндегі барлық энергия тікелей салонға берілетінін түсінді. Мұндай жағдайда қатты соқтығыс бірден өлім жағдайына алып келеді.
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алғаш сынақтама жүргізіп бастаған және болашақта тұңғыш манекен-жаяу жүргіншілерді жасаған Subaru болды. Алғашқы зауыттық сынақтамалар 1965 жылмен даталанады, онда маңдайлық соқтығысу кезіндегі деформация аймақтары тестіленген.
20 жылдан астам уақыт бойы автомобильдерге краш-тест жүргізіп, автонарықтағы жаңа автомобильдерді олардың белсенді және пассив қауіпсіздіктері бойынша саралайтын еуропалық Euro NCAP тәуелсіз ұйымы 2019 жылдың нәтижесін шығарды, мұнда Subaru-дың барлық модельдері ең жоғары ұпай жинап, бес жұлдыздың бесеуіне де ие болды.
Қауіпсіздік технологияларының арқасында кроссоверлер жолаушылар қауіпсіздігінің максималды деңгейін көрсетеді:
Subaru-дың ұраны: «Confidence in Motion» («Қозғалыс кезіндегі сенімділік).
Бұл жерде Subaru «Confidence» («Сенімділік») сөзі арқылы клиенттердің арасында мойындалған сенімділікке деген қарым-қатынастарын білдіреді және заманауи сатып алушылардың талаптарына сәйкес өздеріне алған міндеттерін атқару кезіндегі жауапкершілікті ерекше алға тартады.
«In Motion» («Қозғалыс кезіндегі») тіркесі бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысты көрсетеді. Үнемі «қозғалыста болу» арқылы біз дамимыз және тұрақты түрде өзгеріп тұратын әлемімізде клиенттеріміздің үмітін ақтап келеміз.
* EuroNCAP (ағылш. The European New Car Assessment Programme, қазақша –Еуропалық жаңа автомобильдерді бағалау бағдарламасы) — автомобильдердің белсенді және пассив қауіпсіздігін бағалай отырып, тәуелсіз краш-тест жүргізетін еуропалық комитет.
** ANCAP – 1993 жылы Аустралия және Жаңа Зеландия билігі арқылы құрылған, жаңа автомобильдерге краш-тест жүргізу жөніндегі алғашқы тәуелсіз ұйым.
Дереккөзі: www.euroncap.com
09/01/2020