kz ru en

«АСТАНА МОТОРС»: ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ


«АСТАНА МОТОРС»: ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ

"Астана Моторс" компаниясы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының 75 жылдығына Hyundai Elantra автомобилін табыстап, ерекше сыйлық жасады.

"Астана Моторс" компаниясы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының 75 жылдығына Hyundai Elantra автомобилін табыстап, ерекше сыйлық жасады.

"Астана Моторс" негізі қаланған сәттен бастап, әлеуметтік жобаларға айрықша көңіл бөледі және мәдениетке қолдау білдіру оның басым бағыттарының бірі саналады. Компанияда атап өткендей, театрдың игі дәстүрлерін сақтау қоғамдағы мәдени құндылықтарды дамыту барысында ерекше маңыздылыққа ие, сондықтан да "Астана Моторс" театр жобаларын қолдауда өз үлестерін қосуға қуана атсалысады.   

Театр өкілдерінің сөзіне қарағанда, Hyundai Elantra автомобилі 2020 жылға жоспарланған Қазақстан бойынша гастрольдік сапар кезінде елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Наталья Сац атындағы театр өз тарихы барысында Қазақстан театр өнерінің аса көрнекті қайраткерлері үшін бастапқы алаңға айналған, бүгінгі таңда театр мықты актерлік құрам мен бай театр тәжірибесіне ие.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Н. Сац атындағы ЖӨТ-ның жетекші актрисасы және директордың орынбасары Ольга Коржева атап өткендей, бизнес-құрылымның театр өнеріне көңіл бөлуі мәдени қалалық ортаның дамуында маңызды рөл атқарады. 

Ольга Коржева:
- Биылғы жылы біздің театрымызға 75 жыл толады, сондықтан да ерекше шығармашылық идеялар мен жоспарлар құрып отырмыз. Мысалы, театрдың жас әрі дарынды шығармашылық құрамы үнемі Қазақстан бойынша гастрольдер ұйымдастырып тұрады, енді кеңістігімізді кеңейтіп, жақын шетелдерге: Ресей мен ТМД елдеріне шықсақ па деген ойымыз бар. Сондықтан, «Астана Моторс» компаниясы тарапынан біздің қызметімізге жасалған қолдау – жалғыз театрдың гастрольдік сапарына қосылған құнды үлес емес, сондай-ақ тұтас театр өміріне көрсетілген қолдау, – деп бөлістіО. Коржева.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.