kz ru en

Қарағандыда премиум санаттағы Hyundai дилерлік орталығы ашылды


Қарағандыда премиум санаттағы Hyundai дилерлік орталығы ашылды

Hyundai Premium Karaganda – бұл әлемдік бренд автокөліктерінің желісін ұсынатын Қарағанды қаласындағы жаңа Hyundai ресми дилерлік орталығы.

Hyundai Premium Karaganda – бұл әлемдік бренд автокөліктерінің желісін ұсынатын Қарағанды қаласындағы жаңа Hyundai ресми дилерлік орталығы.

«Астана Моторс» компаниясының құрамында жаңа автоорталықтың ашылуы Қазақстанның ең ірі өңірінің автокөлік нарығын дамытуда маңызды рөл атқарады. Hyundai маркасының автокөліктеріне сұранысы бар Қарағанды облысында заманауи GDSI стандарттары бойынша безендірілген премиум санаттағы кең әрі заманға сай шоурумның пайда болуы – компанияның өз клиенттеріне қарай жасаған кезекті қадамы. Сонымен бірге жоба айлығы жоғары 52 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

 

Hyundai Premium Karaganda автоорталығының жалпы ауданы 2 818 шаршы метрді құрайды және ол Оңтүстік Корея өндірушісінің корпоративтік стандарттарына сай бапталған. Автоорталықтың жұмысын ұйымдастыруда екпін қойылатын негізгі жайт – «үш S» тұжырымдамасын пайдалану: sales (сату), service (сервис), spare parts (қосалқы бөлшектер). Ғимаратта Hyundai автокөліктерінің толық модельдік қатары ұсынылған, заманауи шоурумның ауданы 282 шаршы метрді құрайды.

220 шаршы метрлік сервис аймағы агрегаттарды құрастыруды, бөлшектеуді, ірі және ұсақ жөндеуді қамтитын кешенді техникалық қызмет көрсетуге арналған 4 көтергішпен жабдықталған. Автоорталыққа келушілердің автокөліктерге арналған түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сатып алу мүмкіндігі бар.

 

Hyundai Premium Karaganda ұжымы автокөлікті сатып алу, сондай-ақ көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша жоғары дәрежелі сервисті ұсынуға дайын. Автоорталық клиенттеріне Trade-In – ескі автокөлікті жаңасына немесе жүрілген автокөлікке айырбастау бағдарламасы, сондай-ақ автокөлікті кредитке, бөліп төлеуге сатып алу немесе лизинг сияқты қаржы қызметтері қолжетімді. Әр сатып алушыға тест-драйв өткізу өту мүмкіндігі беріледі.

Hyundai Premium Karaganda мына мекенжайда орналасқан: Қарағанды қ., Камская к-сі, 91/12


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.