kz ru en

БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТАҢДАЙДЫ


БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТАҢДАЙДЫ

Қазақстандық өндірушілер техникалық парктерін жаңартқан кезде отандық арнайы техниканы артық көруде.

Қазақстандық өндірушілер техникалық парктерін жаңартқан кезде отандық арнайы техниканы артық көруде.

Қазақстандағы балмұздақ пен пакеттегі сүттің аса ірі өндірушісі "Шин-Лайн" компаниясы өз автопаркін балмұздақ тасымалдауға арналған HD 78 үлгісіндегі жаңа эвтектикалық фургондармен толықтырды. Компанияға лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша табысталған жалпы саны 12 автомобильді Hyundai Trans Auto кәсіпорны шығарған. Бағдарлама операторы – "БРК-Лизинг".                                                             

HD 78 – уақыт сынынан өткен, оңтайлы, пайдалануға ыңғайлы, 5 тоннаға дейін жүк көтеретін және қозғалтқышы мықты әрі сенімді болатын үлгі. Эвтектикалық рефрижераторлы фургонның басты артықшылығы – жұмыс істеу мен қызмет көрсетудегі үнемділігі. Суық беру аккумуляторлары 220 В желісінен зарядталады. Аккумуляторлар жеткілікті дәрежеде мұздатылғаннан кейін фургон секцияларының ішіндегі температура негізгі тоңазыту қондырғысын қоспастан ұзақ уақыт бойы тұрақты күйінде қалады. Фургон секцияларының әрқайсысында 0°С-тан –35°С-қа дейінгі температура сақталады. Зауыт өзі жұмыс істеп келе жатқан 9 жылдың ішінде барлығы HD 78 үлгісіндегі шамамен 3 мың автомобильді жасап шығарды және оларды еліміздің түрлі аймақтарындағы кәсіпорындар табысты пайдалануда.

Анықтама:
Hyundai Trans Auto кәсіпорнын 2011 жылы Алматы қаласында «Астана Моторс» компаниясы құрды. Кәсіпорын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес автокөліктің кең ауқымды желісін – Hyundai County жолаушылар автобустарын; жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейінгі Hyundai шассиі негізіндегі автомобильдерді (бортты жүк көліктері, өнеркәсіптік тауарларға арналған және изотермиялық фургондар, рефрижераторлар); жүкті өзі түсіретін машиналарды; Hyundai H350-Ambulance үлгісіндегі «жедел жәрдем» көліктерін жасап шығарумен айналысады. Hyundai Trans Auto 2016 жылдан бастап– Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилері; 2019 жылдан бастап – Golden Dragon маркасындағы жолаушылар автобустарын жасап шығару және сату бойынша ресми дистрибьютор.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.