kz ru en

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН». МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫН МАКСИМ ТАРАСОВ АЛДЫ.


«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН». МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫН МАКСИМ ТАРАСОВ АЛДЫ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Hyundai Trans Kazakhstan ("Астана Моторс" еншілес кәсіпорны) жеңіл автомобильдер шығаратын зауыттың директоры Максим Тарасов ел экономикасындағы еңбек жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жоғары марапат– "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Hyundai Trans Kazakhstan ("Астана Моторс" еншілес кәсіпорны) жеңіл автомобильдер шығаратын зауыттың директоры Максим Тарасов ел экономикасындағы еңбек жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жоғары марапат– "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

Тарасов Максим Викторович 2000 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Маркетинг және коммерция" факультетін "Экономист-маркетолог" мамандығы бойынша бітірген.  Автомобиль саласындағы тәжірибе – 14 жыл. "Астана Моторс" компаниясында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. 2019 жылға дейін Hyundai Auto Kazakhstan сатудан кейінгі қызмет көрсету директоры болды.

Максим Тарасов "Астана Моторс" дамуына үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен компания қызметкерлері Қазақстан өкілдері ретінде Hyundai сервистік кеңесшілерінің әлемдік чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды. 2013 жылдан бастап Максим Викторовичтің белсенді қатысуымен Hyundai Auto Kazakhstan "Еуропадағы және ТМД-дағы үздік дистрибьютор", "Еуропадағы кепілдікті қызмет көрсету жөніндегі үздік дистрибьютор", "Еуропадағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі үздік дистрибьютор" сияқты бірқатар құрметті марапаттарға ие болды.

2019 жылы Максим Тарасов отандық автоөнеркәсіпті дамытудың стратегиялық нысаны – Hyundai Trans Kazakhstan зауытын басқарды 

Максим Тарасовтың қатысуымен Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 2019 жылдан бастап интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, сондай-ақ кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың экологиялық менеджменті жүйесі (ИСО 9001, ИСО 14001) енгізілді. Интеграцияланған жүйені құру кезінде кәсіпорын басшылығы халықаралық стандарттардың талаптарына және зауыттың перспективалық дамуына жауап беретін сапа, экологиялық және кәсіби қауіпсіздік саласындағы жаңа саясатты анықтады.

Фотосуретті Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.