kz ru en

50 HYUNDAI H350 AMBULANCE РЕАНИМОБИЛІ АЛМАТЫҒА БЕРІЛДІ


50 HYUNDAI H350 AMBULANCE РЕАНИМОБИЛІ АЛМАТЫҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлеріне Hyundai H350 Ambulance жаңа 50 реанимобильдің кілтін табыстады.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлеріне Hyundai H350 Ambulance жаңа 50 реанимобильдің кілтін табыстады.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты "Астана Моторс" реанимобильдерді медициналық қызметтерге жедел беру үшін өндіріс қарқынын арттырды. Бүгінгі таңда компания Қазақстанның 15 өңіріне жалпы саны 426 реанимобиль жеткізді: Нұр-Сұлтан қаласы – 14 бірлік; Солтүстік Қазақстан облысы – 18; Қостанай облысы – 26; Ақмола облысы – 30; Павлодар облысы – 16; Қарағанды облысы – 30; Батыс Қазақстан облысы – 20; Ақтөбе облысы – 19; Атырау облысы – 22; Маңғыстау облысы – 20; Жамбыл облысы – 18; Түркістан облысы – 40; Қызылорда облысы – 19; Алматы облысы – 49; Алматы – 85.  Оның 391 бірлігі – Жол картасы аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұрын "ҚДБ-Лизинг") арқылы.

Hyundai H350 Ambulance реанимобильдері алдыңғы қатарлы неміс және итальяндық медициналық жабдықтарымен – Германия, Италия, Ресейдің дефибрилляторларымен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ӨЖЖ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және т.б. жабдықталған. Жаңа жабдықта тиімді жұмыс істеу үшін «Астана Моторс» өңірлерде, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жедел жәрдем бригадаларына тренингтер ұйымдастырды.

Hyundai H350 Ambulance автомобилі Кеден одағының техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Еуро-5 экологиялық стандарттарына жауап береді.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Hyundai H350 Ambulancе 2018 жылғы наурызда Hyundai Trans Auto («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) желісінен шықты. Модель өзін әлемдік нарықта пациент пен персонал үшін ыңғайлы, қуатты қозғалтқышы бар қауіпсіз, сенімді, қолайлы, функционалдық көлік ретінде көрсетті. Дайындаушы зауыт Hyundai H350 Ambulance автомобиліне үш жыл бойы немесе 150 мың км кепілдікті, сондай-ақ «Астана Моторс» авторландырылған дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдықтарға кепілдікті қызмет көрсету – пайдалануға берілген сәттен бастап 37 ай.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Жол картасы бекітілді, оның шеңберінде облыстық әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары  «ҚДБ-Лизинг» АҚ лизингтік қаржыландыру есебінен автопаркті жеңілдікті шарттармен жаңарту мүмкіндігіне ие.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.