kz ru en

«АСТАНА МОТОРС» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУГЕ 4,13 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ


«АСТАНА МОТОРС» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУГЕ 4,13 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

Аcтана Моторс" ұсақ түйінді әдіспен шығарылатын модельдер қатарын кеңейтеді. Компания Hyundai Trans Auto еншілес кәсіпорнында аз тонналы Hyundai жүк автокөліктерін құрастыру, кабиналарын дәнекерлеу және бояу цехтарын салуға кіріседі.

Аcтана Моторс" ұсақ түйінді әдіспен шығарылатын модельдер қатарын кеңейтеді. Компания Hyundai Trans Auto еншілес кәсіпорнында аз тонналы Hyundai жүк автокөліктерін құрастыру, кабиналарын дәнекерлеу және бояу цехтарын салуға кіріседі.

2021 жылдың соңына дейін Hyundai Motor Company-мен (Оңтүстік Корея) жасалған келісім шеңберінде Hyundai Trans Auto зауыты жүк көтергіштігі 3,5-тен 9 тоннаға дейін болатын Hyundai Mighty ЕХ6, ЕХ8 және ЕХ9 аз тонналы жүк көліктерінің ұсақ түйінді өндірісі желісін, оның ішінде жүк тасымалдаудың барлық арнайы шарттарына жауап беретін коммуналдық техниканың, фургондар мен борттық платформалардың түрлі модификацияларын іске қосады.

Автомобильдер экологиялық стандарттарға сәйкес келеді, қауіпсіздігімен, эргономділігімен және жайлылығымен ерекшеленеді. 

Сонымен қатар, 2021 жылы Hyundai Trans Auto Golden Dragon автобустарының өндірісін кеңейтеді. Жалпы алғанда, құрылыс және қайта құру аяқталғаннан кейін кәсіпорынның ауданы, 9,5 мың шаршы метр ауданда орналасқан жаңа цехтарды қоса алғанда, 14 мың шаршы метрді құрайды.

"Hyundai Trans Auto әр модель бойынша дәнекерлеуді, бояуды игере отырып, тәжірибе жинақтайды және дамиды. Кәсіпорынның кадрлық, экспорттық, инвестициялық әлеуеті артып келеді. "Астана Моторс" өзінің стратегиялық жоспарын ұстанады – яғни өндіріс технологиясын тереңдетіп, өткізу нарығын кеңейту. Біз үшін отандық автоөнеркәсіпті дамытуға үлесімізді қосу маңызды", – деп атап өтті "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Auto отандық кәсіпорны 2011 жылы «Астана Моторс» пен Hyundai Motor Company арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған.

Бүгінде Hyundai Trans Auto 238 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ұсақ түйінді өндірістің кеңеюімен кәсіпорында 350 адам жұмыс істейтін болады, қазақстандық қамту үлесі артады, ТМД елдеріне автомобильдер экспортының көлемі ұлғаяды.

Зауыт автокөліктердің кең желісін – коммуналдық кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдарға арналған мамандандырылған коммерциялық техниканы, оның ішінде борттық жүк көліктерін, изотермиялық және өнеркәсіптік тауарлық фургондарды, рефрижераторларды, өзітүсіргіштерді, қоқыс тасығыштарды, өрт сөндіру машиналарын, жолаушылар автобустарын, реанимобильдерді ұсынады.

Қазақстандағы Hyundai, МАЗ, Golden Dragon коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы – Hyundai Com Trans Kazakhstan, «Астана Моторс» еншілес компаниясы http://hyundaitrucks.kz/


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.