kz ru en

HYUNDAI PALISADE 2021. «АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ФЛАГМАНДЫҚ МОДЕЛІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ


HYUNDAI PALISADE 2021. «АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ФЛАГМАНДЫҚ МОДЕЛІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

"Астана Моторс" құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы автокөлік әуесқойларына толық көлемді отбасылық кроссоверді ұсынды.

"Астана Моторс" құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы автокөлік әуесқойларына толық көлемді отбасылық кроссоверді ұсынды.

Hyundai брендінің флагманы – Palisade "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan отандық зауыты шығаратын жетінші модель. Қазақстанда автомобиль сегіз орынды Travel, сондай-ақ жеті және сегіз орынды Prime және High-Tech жиынтығында ұсынылған.

Hyundai әлемдік брендінің жол талғамайтын көліктері мен кроссоверлері технологиялылығымен, инновациялық өндірістік шешімдерімен және интеллектуалды жүйелерімен ерекшеленеді. Hyundai Palisade артықшылықтарының бірі – жол сапарларын ұнататындардың автокөлікте ұзақ уақыт өткізуіне арналған жоғары жайлылық, атап айтқанда, премиумды опция – бөлек орындықтар. Жаңа модельде басқару элементтері ыңғайлы орналасқан. Қос ламинатталған әйнектер тіпті экстремалды маршруттарда да сенімді дыбыс оқшаулауын қамтамасыз етеді.

Hyundai Palisade қауіпсіздік сынақтарында ең жоғары нәтиже көрсетті. Hyundai Smart Sense белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені тәуліктің кез келген уақытында жолдағы жағдайды үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі заманда мегаполистердің тұрғындары көп уақытын автокөліктерде өткізеді. Кейбіреулер үшін – бұл жылжымалы шағын кеңсе, ал басқалары үшін – отбасымен саяхаттауға болатын дөңгелегі бар үй. Премиум санатқа жақын кең, жайлы, сенімді Hyundai Palisade автокөлігі жайлылық пен қауіпсіздікті таңдай отырып, өз уақытын бағалайтын және жақындарына қамқорлық жасайтын жандар үшін жасалған», – деп атап өтті Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.

Hyundai Trans Kazakhstan директоры Максим Тарасов өз кезегінде Алматыдағы кәсіпорынның автокөліктері Hyundai Motor Company (HMC, Оңтүстік Корея) белгілеген талаптарға сәйкес шығарылатынын айтты.

«Біз үшін өнімнің сапасы өте маңызды. Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы әрбір автокөлік Hyundai жоғары стандарттарына сәйкес келуіне қатысты тексеруден өтеді. Зауыттағы барлық операциялар қатаң түрде бекітілген Hyundai Motor Company техникалық процесі бойынша жүргізіледі», – дейді Максим Тарасов.

Кроссовер қуаты 249 ат күшіне дейін жететін және 8-сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған заманауи 3,5 литрлік «атмосфералық» қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш өз класындағы үздік динамикалық сипаттамаларға ие және барлық экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

Hyundai Palisade автомобилінің бағасы жиынтықталымына байланысты 20 млн 390 мың теңгеден басталады.

Hyundai Palisade моделімен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.