kz ru en

SUBARU OUTBACK КӨЛІГІНІҢ АЛТЫНШЫ БУЫНЫ САТЫЛЫМДА


SUBARU OUTBACK КӨЛІГІНІҢ АЛТЫНШЫ БУЫНЫ САТЫЛЫМДА

"Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Subaru Kazakhstan ресми дистрибьюторы елімізде 2022 модельдік жылындағы Subaru Outback көлігі сатылымға шыққанын хабарлады.

"Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Subaru Kazakhstan ресми дистрибьюторы елімізде 2022 модельдік жылындағы Subaru Outback көлігі сатылымға шыққанын хабарлады.

2021 жылғы 3 қыркүйек күні Subaru Kazakhstan You Tube арнасында Subaru Outback көлігінің алтыншы буыны таныстырылды.

Premium және Touring жиынтықтарындағы жаңартылған кроссовер қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Атырау қалаларындағы Subaru дилерлік орталықтарында қол жетімді.

2022 модельдік жылындағы Subaru Outback жаңа буындағы Subaru Global Platform (SGP) платформасында жасалған. Бұл автокөлікті басқару мен тұрақтылықты жақсартуға, жайлылықты арттыруға және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  

SGP арқасында жаңа Outback-тің көлемі ұлғайды. Автокөліктің іші шанақтың енін ұлғайту және алдыңғы орындықтар мен артқы диван арасындағы қашықтықты өзгерту арқылы кеңейе түсті. Кроссовердің ұзындығы 4870 мм, алдыңғы буынмен салыстырғанда 50 мм үлкен, ал ені 1875 мм (+35 мм). Биіктігі (1675 мм) мен доңғалақ базасы (2745 мм) өзгеріссіз қалды. Клиренсі бұрынғыша 213 мм.  

Жаңа буынның қозғалтқышы - жанармайдың тікелей айдалуы бар 2,5 литрлік Subaru Boxer. Оның қуаттылығы 188 а.к., бұл өзінен бұрынғыға қарағанда 13 а.к. артық. Ал максималды айналу сәті 10 Нм-ге (245 Нм-ге дейін) өсті және 3400-4600 айн/мин ауқымына  жайылады (алдыңғы буын - 4000 айн/мин).

Жаңа салқындату жүйесі суық кезеңде қозғалтқышты қарқынды қыздыруға көмектеседі. Кең диапазонды беріліс саны бар үздіксіз ауыспалы Lineartronic трансмиссиясы көлікті оталдырғанда айналу сәтін жақсы қамтамасыз етеді. Тас жолда қозғалтқыштың төменгі жылдамдығы жанармайды үнемдеп, акустикалық жайлылық сыйлайды, ал сегіз сатылы қолмен басқару режимі жүргізушіге жеке жүргізу стилін таңдағанда көптеген мүмкіндіктер береді.

Жүйені басқару элементтерінің барлығы қайта өңделген интерфейс, интуитивті басқаруы және жиі қолданылатын түймелердің эргономикалық орналасуы бар 11,6 дюймдік Full HD тік дисплейіне ауыстырылды.

Жаңа Outback ыңғайлы һәм пайдалы қызметтердің кең жиынтығы бар EyeSight профилактикалық қауіпсіздік пакет жүйесіне ие. Енді EyeSight жүргізушіге көмек көрсету жүйесінде айналаны кеңірек шолу стереокамерасы және өнімділікті арттыруды қамтамасыз ететін бағдарламасы бар.

Тағы көлік  жоғары жақтағы адаптивті жарық, төтенше жағдай кезінде автоматты түрде әрекет ету, көліктің артынан келе жатқанда рульді адаптивті басқару жүйелері және қозғалыс кезінде жүру жолының ортасынан ауытқымауға бейімделетін рульмен жабдықталған.  

Сонымен қатар жаңа Subaru Outback-ке жүргізушінің көңіл күйін бақылайтын  Driver Monitoring System (DMS) жүйесі орнатылған. Көп функциялы дисплейдің астында орналасқан камера мен инфрақызыл шамды қолдана отырып, ол жүргізушінің назары толықтай рульде болуын қамтамасыз етеді. DMS бес жүргізушінің бет-жүзін есте сақтауға қабілетті. Ол әр жүргізуші үшін орындық, айна, климаттық бақылау және мультимедиялық жүйенің жеке параметрлерін автоматты түрде қалпына келтіреді.

Жаңа модельдің салоны жоғары сапалы материалдардан, мысалы, жоғары сапалы Nappa былғарысынан жасалған.

Subaru Outback көлігінің алтыншы буыны Автокөлік қауіпсіздігі институтының (IIHS) марапаттарына ие болды, олар: Top Safety Pick + апаттық тестілеудегі ең жақсы нәтиже, сондай-ақ бетпе-бет соқтығысуды болдырмау.  

Kelley Blue Book компаниясының пікірі бойынша, Outback қайта сату кезінде екі жыл қатарынан өз класында ең жақсы сату бағасына ие көлік. Сонымен бірге жеті жылдан бері Subaru ең сенімді бренд ретінде танылып келеді.

Оның үстіне, J.D.Power компаниясының автомобиль өнеркәсібіндегі бренд адалдығына қатысты жүргізген мәліметтеріне сәйкес екінші жыл қатарынан Subaru көліктері  үздік деп танылауда.

Subaru Outback АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) автокөлік құралдарының 5 жұлдызды бағасымен бағаланды.

Қазақстандағы алтыншы буын Subaru Outback бағасы жиынтығына байланысты 19 миллион 990 мың теңгеден басталады.

https://subaru.kz/ru/test-drive сілтемесі бойынша тест-драйвқа жазылуға болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.