kz ru en

АСТАНА МОТОРС KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2021 КӨРМЕСІНДЕ


АСТАНА МОТОРС KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2021 КӨРМЕСІНДЕ

Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттары Kazakhstan Machinery Fair 2021 Халықаралық машина жасау және металл өңдеу көрмесінде отандық өндірістің коммерциялық техникасы мен жеңіл автокөліктерінің үлгілерін ұсынды.

Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттары Kazakhstan Machinery Fair 2021 Халықаралық машина жасау және металл өңдеу көрмесінде отандық өндірістің коммерциялық техникасы мен жеңіл автокөліктерінің үлгілерін ұсынды.

ЕХРО Халықаралық көрме орталығы алаңында өткен көрме Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы аясында өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы.

Қазақстандық автокөлік өнеркәсібі көшбасшыларының бірі - Hyundai Trans Almaty зауыты бортты жүк көліктерін, изометриялық, өнеркәсіп тауарлық фургондарды, Golden Dragon жолаушылар автобустары, МАЗ самосвалдары,  Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігі және басқа да жолаушылар, коммуналдық және 1,5 тоннадан 25 тоннаға дейінгі мамандандырылған коммерциялық көліктерді шығарады.

Kazakhstan Machinery Fair 2021 көрмесінде компания Hyundai Pavise өнеркәсіп тауарлық фургоны, сондай -ақ Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігін ұсынды.

Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігі алғашқы көмек көрсетуге арналған ресурстары және техникалық мүмкіндіктерінің арқасында өз сыныптастары арасында көшбасшы болды. Модельді әзірлеу кезінде инженерлер алты негізгі бағытқа назар аударған, олар: тиімділік, шығының аздығы, жүкті көтеру қабілеті, қауіпсіздік, сенімділік, өнімділік. Жедел жәрдем көлігі ересектер мен бір жастан асқан балаларға арналған өкпені жасанды желдету портативті аппараты, дефибриллятор, анестезиялық реанимациялық монитор, реанимациялық жинақ және басқа да медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Алматының Индустриалды аймағындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai жеңіл автомобильдерін шығарады. Отандық кәсіпорын - Hyundai Accent, Hyundai Elantra, Hyundai Sonata, Hyundai Creta, Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Hyundai Palisade модельдерін өндіреді.

Қазан айында Hyundai Trans Kazakhstan өзінің туған күнін атап өтеді - кәсіпорынның ресми ашылғанына және ұсақ торапты өндіріске арналған шанақты дәнекерлеу және бояу, пластикалық бөлшектерді бояу, құрастыру цехтары және компонеттер қоймасы бар зауыттың толық іске қосылғанына бір жыл толады. Құрастыру цехы іске қосылғаннан бері зауыт 25 мыңнан астам көлік шығарды. Кәсіпорын отандық 5 үздік өндірушінің бірі болып табылады және Өзбекстан Республикасы мен Беларусь Республикасына автокөлік экспорттайды.  

Еске сала кетейік, отандық Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорындары «Астана Моторс» құрамына кіреді.

Hyundai коммерциялық техникасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan. Hyundai жеңіл автомобильдерінің ресми дистрибьюторы - Hyundai Auto Kazakhstan.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.