kz ru en

First Motor Group - Астана Моторстың сегізінші дистрибьюторы


First Motor Group - Астана Моторстың сегізінші дистрибьюторы

"Астана Моторс" компаниясы мен Chery Automobile Co., Ltd компаниясы дистрибьюторлық келісімге қол қойды, оған сәйкес Қытайдың жетекші автокөлік өндірушісі "Астана Моторс" құрамына кіретін First Motor Group-қа Chery брендін Қазақстанда ұсыну үшін ресми дистрибьютор құқығын береді.

"Астана Моторс" компаниясы мен Chery Automobile Co., Ltd компаниясы дистрибьюторлық келісімге қол қойды, оған сәйкес Қытайдың жетекші автокөлік өндірушісі "Астана Моторс" құрамына кіретін First Motor Group-қа Chery брендін Қазақстанда ұсыну үшін ресми дистрибьютор құқығын береді.

Құжатқа ресми қол қою рәсімі күні кеше, 2021 жылдың  28 қыркүйегі күні Алматы (Қазақстан) мен Уху (Аньхой провинциясы, Қытай Халық Республикасы) қалалары арасындағы телекөпір форматында өтті.

Осылайша, Астана Моторста  сегізінші дистрибьютор пайда болып, компания портфеліне он үшінші бренд қосылды.

Ерекше дизайн, технологиялық, жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында Chery автокөліктері Ресей, Бразилия, Чили және әлемнің басқа елдерінде танымал болды. Chery Automobile Co., Ltd мәліметтері бойынша, Қазақстанға соңғы Chery технологиялары негізінде жасалған Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 Pro және  Pro Family сериясының басқа да модельдерін жеткізу 2021 жылдың соңына дейін басталады. Айта кетейік Chery премиум автокөліктері Қазақстанның климатына бейімделген.

Chery International Президенті Джанг Гуйбин мырза дистрибьюторлық келісімге қол қою рәсімінде, компания қытайлық автомобильдердің экспорты бойынша 18 жыл қатарынан көшбасшы болғанын атап өтті. Соңғы жылдары экспорт көлемі 100%-дан асты, бұл компания үшін рекордтық нәтиже.  

«Бүкіл әлем бойынша Chery көліктерін таңдаушылар саны артып келеді. Қазақстан - Орталық Азиядағы ең перспективалы нарық, ал «Астана Моторс» - кәсіби командасы мен мол тәжірибесі бар Қазақстанның жетекші автокөлік компаниясы. Біз Chery мен «Астана Моторс» арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймыз. Екіжақты жұмыста сәттілік тілеймін », - деді Джанг Гуйбин  мырза.  

«Интеллектуалды автокөлік өндірушісі ретінде бүкіл әлем мойындаған қытайлық Chery брендін Қазақстанда қарсы алып, ұсынамыз. Chery Automobile өндірісте технологияны дамыту бойынша революциялық кезеңді өткеріп, инновациялық салада дүниежүзілік автокөлік мамандары ерекше қызығушылық білдіретін жетістіктер көрсетіп келеді. Біз жаһандық даму стратегиясы аясында компанияның Қазақстандағы өршіл жоспарларын іске асыруға тиіспіз », - деді« Астана Моторс» компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Қазақстандағы Chery дилерлік желісі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан басталады. 2022 жылы Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде 9 автоорталық болады, ал 2023 жылы олардың саны 17-ге дейін артады деп жоспарлануда.

Еліміздегі Chery бренді туралы толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығынан 7007 телефоны бойынша білуге ​​болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.