kz ru en

«Әркімнің ішінде зор күш бар»: Алматыда паралимпиадашылар интернат тәрбиеленушілерімен кездесті


«Әркімнің ішінде зор күш бар»: Алматыда паралимпиадашылар интернат тәрбиеленушілерімен кездесті

Алматыда тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері паралимпиада спортшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері және бастаманың серіктесі ─ Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan ұжымымен кездесті.

Балаларға қонаққа 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының пара-шаңғы жарысының чемпионы Ербол Хамитов, 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц, Паралимпиада ойындарының жүлдегері және Азия ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков, пара-армрестлингтен бес дүркін әлем чемпионы Никита Ермаков, Париждегі Паралимпиада ойындарына қатысушы және ту ұстаушы Севда Алиева және пара-пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Вазир Надыров келді.

Спортшылар балаларға спорттағы өмір жолы, алғашқы жеңістері, қиындықтары және спорттың адамның өзіне деген сенімді, тәртіп пен мінездің күшін қалай  қалыптастыратыны туралы айтып берді. Өз кезегінде интернат тәрбиеленушілері қонақтарға кәсіби спортшылардың жаттығулары, жарыстары мен өмірі туралы сұрақтар қойды.

Ербол Хамитов:
«Жүрек соғып тұрғанда, бұл дүниеде бәрі мүмкін. Ең бастысы - сену, жұмыстанып еңбек ету және шыдау»

Севда Алиева:
«Балалармен кездесу маған қатты ұнады. Біздің әңгімеміз оларды дамуға, өздеріне сенуге және қиындықтарға қарамастан алға жылжуға шабыттандырып, ынталандырды деп шын жүректен үміттенемін. Мұндай кездесулер бір-бірімізді қолдаудың және тәжірибемізбен бөлісудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Әрбір балаға шынайылығы, қызығушылығы және жылы атмосферасы үшін алғыс айтамыз»

Дастан Мұқашбеков:
«Сіз өзіңізге және мақсатыңызға сенуіңіз керек. Егер сіз бірдеңе қаласаңыз, оған қол жеткізесіз. Ниетіңіз болса, арманыңызға ұмтылыңыз».


Александр Герлиц:
«Бүгін балалар табандылық, еңбек және тәртіптің мақсатқа жетуге қалай көмектесетінінің нақты мысалдарын көрді. Біздің кездесуіміз балаларды спортпен шұғылдануға, дамуға және ешқашан өз армандарынан бас тартпауға шабыттандырды деп үміттенемін!»


Никита Ермаков:
«Бүгінгі кездесу маған бір қарапайым нәрсені еске салды: әрқайсымызда күш бар. Кейбір адамдарға қолдау, кейбіреулерге сенім, ал енді біреуіге жай ғана «Сен мұны істей аласың» дейтін жақын адам қажет. Осылайша біз бір-бірімізге күштірек болуға көмектесеміз».


Вазир Надыров:
«Бүгінгі кездесу маған көптеген жылы сезімдер сыйлады. Осындай шынайы және ақжүзді балалармен кездесіп, уақыт өткізгеніме қуаныштымын. Біздің әңгімеміз оларды өздеріне сенуге және армандарына батыл ұмтылуға шабыттандырды деп үміттенемін. Күлкіңізге, мейірімділік пен осы атмосфераға рақмет. Мен үшін бұл кездесу де үлкен мотивация болды»

Қонақтар үшін интернат тәрбиеленушілері музыкалық нөмірлер дайындады. Кездесу соңында спортшылар естелік футболкаға қол қойып, балаларға Chery kazakhstan және Astana Motors сыйлықтарын табыстап, естелік фотоға түсті.

Astana Motors  20 жылдан астам уақыт бойы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатына қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар Astana Motors  құрамындағы Chery Kazakhstan — Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің бас серіктесі. Компания 2025 жылдан бері жыл сайын 147 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Паралимпиада қозғалысына жалпы қолдау сомасы, спортшыларға берілетін жүлде қорын қоса алғанда, екі жыл ішінде 386,5 миллион теңгені құрады.


Сәуір айында Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Қазақстан паралимпиада құрамасын Италиядағы Паралимпиада ойындарындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, ақшалай сертификаттар табыстады, ал чемпион Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 көлігін сыйлады.


Айта кету керек, Chery Қазақстандағы автокөлік иелеріне арналған Chery Family Care жаһандық қызмет көрсету бағдарламасын енгізді. Бағдарлама сатудан кейінгі қызмет көрсетуге және клиенттерді қолдауға бағытталған.
 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.