kz ru en

TANK әйгілі «Дакар» раллиін бағындыруға аттанады


TANK әйгілі «Дакар» раллиін бағындыруға аттанады

TANK бренді биыл Қазақстандағы үш жылдығын атап өтті.

Great Wall Motor (GWM) автокөлік концерні 2027 жылы «Дакар» раллиіне аттанады. Іс-шараның басты жұлдызы TANK 700 флагманды жол талғамайтын көлігі болады. Бұл туралы 2026 жылғы Бейжің автокөрмесінде хабарланды.


Қиын соқпақтарды еңсеруге жаралған жол талғамайтын көлік
TANK 700 - 354 ат күші қуаты бар 3,0 литрлік V6 қозғалтқышты, толық рамалы жол талғамайтын көлік. Төмендететін беріліс қорабы, дифференциалды бұғаттау, шанақтың күрделі геометриясы және жоғары қауіпсіздік шегі оны қиын бағыттар мен экстремалды жағдайда пайдалануға арналған көлік етеді.


«Дакарға» арналған жарыс нұсқасы сайыс талаптарына сай қайта жасақталады. Оған көліктің өндірісте қолданып жатқан құрылымы негіз болады. Tank брендінің «Дакарға» қатысу мақсаты - автокөлік үшін ең қиын сынақтардың бірінде платформаның нақты мүмкіндіктерін көрсету.


Қазақы нақыштағы қытай концерні
Бүгінде GWM - Haval, TANK, Wey және ORA брендтері, сондай-ақ пикаптар желісін шығаратын ең ірі автокөлік алпауыттарының бірі. Концерннің төл зауыттары, зерттеу орталықтары, сынақ алаңдары бар және әртүрлі пайдалану жағдайларына арналған көліктерді әзірлеуге бағытталған көпжылдық инвестицияларын да айта кеткен жөн.


GWM 2021 жылдан бастап Қазақстан нарығына шығып, Astana Motors портфеліне енді. Осы уақыт ішінде ел ішінде 33 заманауи орталықтан тұратын дилерлік желі құрылды.
TANK бренді қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылда 5 500-ден астам қазақстандық TANK көліктерін таңдады. Брендтің айналасында TANKZ атты көлік иелерінің қауымдастығы құрылды. Бүгінде клубтың 2000 мүшесі бар. Оларды саяхат, экспедиция және жол талғамайтын көлікке деген ортақ қызығушылықтар біріктіреді. Клуб мүшелердің жүріп өткен бағыттарының жалпы ұзындығы 30 000 шақырымнан асты. Ал бұл - «Дакар» раллиінің үш дистанциясынан асатын қашықтық.

TANK Club экспедиция мүшелері 

GWM компаниясының Қазақстандағы орны жергілікті өндірісті іске қосқалы нығая түсті. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренді зауытында қолжетімде Haval M6 моделінен бастап заманауи TANK 500 көлігіне дейінгі барлық модель желісі өндіріледі. Жақында GWM Алматыда Poer және Wingle 7 пикаптарын шығара бастады.


Нәтижемен расталған тәжірибе
GWM үшін «Дакарға» қатысудың өзіндік тарихы бар. 2010-2014 жылдары компания аңызға айналған ралли-рейдте қатысқан болатын. Ал 2014 жылы Haval H8 Dakar прототипі жарыстың бір кезеңінде жеңіске жеткен еді.


Бүгінде концерн мықты инженерлік құрам, жаһандық амбиция және рамалы жол талғамайтын көліктер сегментіндегі ең көрнекті ойыншылардың біріне айналған TANK брендімен жаңа мәртебеде қайта оралуда.


«Дакар» - романтизм аяқталатын жер
«Дакарды» көбінесе жылдамдық, еркіндік және шөлді бағындырудың әдемі тарихы ретінде қабылдайды. Алайда бұл романтизмнің артында шамамен 9000 шақырым құм, тастар, тау асулары, аптап ыстық және үнемі жүріс кезінде техникаға түсетін ауыртпашылық жатыр.


Бұл жарыс ұзақ уақыт бойы төзімділік, инженерлік дәлдік және қашықтықты бағындыруға арналған алаңға айналды. 
Сондықтан, GWM-нің «Дакарға» оралуы TANK бренді үшін де, тұтастай алғанда концерн үшін де жаңа деңгейдегі белес ретінде қабылданады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.