kz ru en

ТЖМ басшысы Astana Motors кәсіпорындарында автомобильдер мен арнайы техниканың өндірісімен танысты


ТЖМ басшысы Astana Motors кәсіпорындарында автомобильдер мен арнайы техниканың өндірісімен танысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алматыдағы автомобильдер мен арнайы техниканың өндірісімен танысты.

 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Алматыдағы автомобильдер мен арнайы техниканың өндірісімен танысты.

Министрге Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехтары және дайын өнімдер көрсетілді.

   Astana Motors компаниясы  қазақстандық өндірістегі пикаптарды таныстырды, оларды кейіннен ТЖМ-ге тапсырады.

  Осы автокөліктер Алматы қаласындағы Astana Motors коммерциялық техника зауытында шығарылады. Мұнда төтенше жағдайларды жою кезінде пайдаланылатын арнайы мақсаттағы автокөліктер өндіріледі. Техника сенімділігі мен оның әртүрлі пайдалану жағдайларына бейімделуіне ерекше назар аударылады.

  Тараптар өндірісті дамыту және арнайы техникалар желісін кеңейту мәселелерін талқылады. Жергілікті қамту үлесін арттыру және импорттық құрамдас бөлшектерге тәуелділікті азайту қажеттілігі атап өтілді.

  Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың маңыздылығы ерекше айтылды. Арнайы техниканың отандық өндірісін дамыту ТЖМ бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындығын арттыруға ықпал етеді.

(с) ТЖМ


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.