kz ru en

OMODA және JAECOO дистрибьюциясы Astana Motors компаниясының басқаруына өтті


OMODA және JAECOO дистрибьюциясы Astana Motors компаниясының басқаруына өтті

2026 жылдың 27 сәуірінде Қытайдың Уху қаласында OMODA және JAECOO компаниясының Қазақстандағы дистрибьюция директоры Александр Абрамов, OMODA және JAECOO аймақтық директоры Чэнь Лэй дистрибьюторлық келісімге қол қойды. Осылайша Astana Motors Қазақстан аумағында OMODA және JAECOO автокөлік брендтерінің ресми өкілі болу құқығын алды.

2026 жылдың 27 сәуірінде Қытайдың Уху қаласында OMODA және JAECOO компаниясының Қазақстандағы дистрибьюция директоры Александр Абрамов, OMODA және JAECOO аймақтық директоры Чэнь Лэй дистрибьюторлық келісімге қол қойды. Осылайша Astana Motors Қазақстан аумағында OMODA және JAECOO автокөлік брендтерінің  ресми өкілі болу  құқығын алды.

Сондай-ақ, қол қою рәсіміне OMODA және JAECOO бизнес бөлімшесінің президенті Сюэ Цинсун, Chery International вице-президенті Цинь Чао, OMODA және JAECOO бизнес бөлімшесінің өкілі Ли Тунг, Astana Motors басқарма мүшесі Кит Мэттью Симмонс қатысты.

«Қазақстан — Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктесі, ал Astana Motors — ұзақ мерзімді табысты тарихы бар ірі нарық ойыншысы. Біз серіктестігімізді нығайтудың мүмкіндіктерін көріп отырмыз, осы ретте Astana Motors компаниясына OMODA және JAECOO брендтерін басқаруға сеніммен тапсырамыз. Біз дистрибьюторлық командаға табыс пен ең ауқымды мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз», - деді OMODA және JAECOO аймақтық директоры Чэнь Лэй.

Серіктестер ретінде Astana Motors компаниясының басқаруына брендтің ресми дилерлері де өтеді. Бүгінде - Қазақстанның 13 қаласында 15 дилерлік орталық бар. Болашақта дилерлік желі кеңейеді. 

«OMODA және JAECOO Қазақстан нарығына 2023 жылы келді. Бізге осы брендтерді қайта жандандырып, Astana Motors портфеліндегі орталықтандырылған дистрибьюторлық модельге көшіру сеніммен тапсырылды. Бұл біз үшін құрмет және үлкен жауапкершілік. із өз клиенттерімізге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алдық», - деді Қазақстандағы OMODA және JAECOO директоры Александр Абрамов.

Әлемдік нарықта OMODA мен JAECOO дизайн, озық технологиялар және клиенттерге жайлы болу арқылы өз аудиториясын кеңейтіп келеді.

OMODA мен JAECOO-ның халықаралық деңгейде мойындалып, 25-тен астам салалық марапатқа ие болды. Олардың арасында британдық «Жыл бренді-2025», «Жыл автокөлігі-2025» және «Ең үздік отбасы көлігі-2025» марапаты бар. Сонымен қатар, JAECOO J5 EV Тайландта «Жыл көлігі», JAECOO J7 Сауд Арабиясында «Ең үздік премиум SUV» және 2025 жылы OMODA 5 «Чилидегі ең көп ұсынылған көлік» атанды. 

2026 жылдың наурыз айында JAECOO 7 Ұлыбританияда Ford Puma мен Nissan Qashqai көліктерін басып озып, ең көп сатылатын модельдер қатарына кірді. Бұл - қытайлық модельдің Ұлыбритания нарығында сатылым бойынша бірінші орын алған алғашқы жағдай.

OMODA және JAECOO — Chery Automobile (ҚХР) автокөлік алпауытының экспорттық бөлімшесі. Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Astana Motors  Chery брендінің дистрибьюторы атанып, 2025 жылдан бері Chery автокөліктерін Алматы Индустриалды аймағындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндіре бастады.

2026 жылдың үшінші тоқсанында Astana Motors мультибренді зауытта OMODA жәнен JAECOO көліктерінің өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде кәсіпорын SUV-B сегментінен JAECOO J5 шағын кроссоверлердің өндірісін іске қосады.  Сонымен қатар, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan SUV-C сегментінен JAECOO J7 PHEV қосылмалы гибрид қозғалтқышты орташа өлшемді кроссоверлер шығаруды жолға қояды. PHEV технологиясы бензин және электр қозғалтқышын біріктіреді, жанармай және газ шығарындарын азайтады, сондай-ақ қысқа қашықтықта толығымен электр режимде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Astana Motors бензин қозғалтқышы негізінде OMODA C5 және OMODA C7 модельдерін локализациялау мүмкіндігін қарастыруда.

Қазақстанда OMODA және JAECOO брендтері ұзақ мерзімді дамуға ден қойып, модельдерді жергілікті нарыққа бейімдеуге, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, сервисті жетілдіруді көздеп отыр.

Қазақстанда өндірілетін модельдік қатарлар нарық қажеттіліктері мен локализация стратегиясын ескере отырып, біртіндеп кеңейтіліп, толығатын болады.

Қазақстанда OMODA және JAECOO брендтері ұзақ мерзімді дамуға ден қойып, модельдерді жергілікті нарыққа бейімдеуге, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктеріне қарай сервисті жетілдіруді көздеп отыр.

Брендтер туралы толық ақпаратты кез келген уақытта Astana Motors байланыс орталығының 7007 телефоны арқылы білуге болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.