kz ru en

ASTANA MOTORS CHERY-ДІҢ ЧЕХИЯДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛДЫ


ASTANA MOTORS CHERY-ДІҢ ЧЕХИЯДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛДЫ

Сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.

Сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.

Прагадағы Astana Motors командасы, Чехия, 2025 ж.

Chery қазақстандық Astana Motors компаниясымен бірге Чехия Республикасының нарығына ресми түрде шығады. Бұл туралы жақында еуропалық автокөлік әуесқойларына арналған Chery брендінің тұсаукесері өткен Польшада жарияланды. Арнайы іс-шараға Chery International өкілдері, Еуропаның басқа нарықтарының (Венгрия, Греция, Норвегия) дистрибьюторлары және Astana Motors өкілдері қатысты.

Chery Automobile Co., Ltd. (ҚХР) мен Astana Motors арасында дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.

«Еуропаның нағыз орталығында Chery атынан әрекет ету біз үшін үлкен мәртебе. Бұл біздің бизнеспен айналысу тәсілдеріміздің халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін мойындау болып табылады. Chery – инновация мен қолжетімділіктің қатар жүре алатынын дәлелдеген бренд. Бұл құндылықтарды біз де қолдаймыз және оларды жаңа нарықтарға қуана шығарамыз. Қазақстанда Astana Motors Chery дилерлік желісін құрудан бастап өндірісті іске қосуға дейін кезеңдерден өтіп, брендті табысты дамытып отыр. Біздің команда жаңа жағдайларда брендті қалай іске қосу және масштабтау керектігін біледі. Біз бұл тәжірибені Чехияда ықыласпен қолданамыз», – деді Нұрлан Смағұлов, Astana Motors негізін қалаушы.

Chery – ең ірі қытайлық жеңіл автокөліктер экспорттаушысы және бұл мәртебені 22 жыл қатарынан сақтап келеді. Chery автокөліктері әлемде 110-нан астам ел мен өңірлерде ұсынылған, брендті пайдаланушылардың жалпы саны 15 миллионнан асады, оның 4,5 миллионы Қытайдан тыс жердегі пайдаланушылар.

Еуропадағы Chery таныстырылымы. 30 маусым 2025

Chery компаниясы өзінің халықаралық қатысуын кеңейтуді жалғастырады және 2025 жылы бірқатар Еуропа елдерінде TIGGO тобы модельдерінің жаппай желісін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл Chery брендінің еуропалық реттеу талаптарына сәйкес келуге және дәстүрлі автомобиль өндірушілерімен бәсекелесуге дайын екендігін растайтын технологиялық әлеуеті туралы күшті мәлімдеме болады.

«Chery-ді еуропалық нарыққа шығару – бұл біздің компания үшін маңызды қадам. Біз экологиялық және қолжетімді автокөліктерге тұрақты сұранысты көріп отырмыз және еуропалық тұтынушыларға технологиялылықты, үнемділікті және жайлылықты өз бойына жинаған заманауи гибридті және бензинді кроссоверлерді ұсынбақпыз. Біздің мақсатымыз – нарықтың өзекті талаптары мен клиенттердің үміттеріне сәйкес келетін шешімдерді ұсына отырып, Chery-дің халықаралық аренадағы позициясын нығайту. Чехияда алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізуде Astana Motors компаниясының сенімді серіктес болатынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді Алекс Чжан (Alex Zhang), Чехия Республикасындағы Chery International елдік директоры.

Алматы қ. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауыты

Қазақстандық Astana Motors компаниясы өзінің мінсіз беделі мен жаңа брендтерді іске қосудағы табысты тәжірибесінің арқасында ресми дистрибьютор болып таңдалды. Компаниялар 2021 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді және Astana Motors басшылығымен Chery Қазақстанда дамыған желісі бар ең көп сатылатын Қытай брендіне айналды: республиканың 17 қаласында 26 ресми дилер брендтің 7 моделін ұсынады. Astana Motors тамаша маркетинг, нарықтағы көшбасшылық және әлеуметтік бастамалар, дилерлік желінің бейімделгіштігі және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы үшін Chery-дің жоғары бағасы мен марапаттарын жүйелі түрде алып отыр. Сонымен қатар Astana Motors Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan отандық мультибренд зауытында бірқатар Chery модельдері қатарын жасап шығаруды іске қосады.

Chery Tiggo 8

Чехияда сатылым осы жылдың күзінде басталады деп жоспарланып отыр. Нарықта бірінші болып бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар нұсқаларда Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 модельдері ұсынылады. Чехиядағы Chery модельдері жаппай тұтынушыға бағытталған қолжетімді баға сегментінде ұсынылады. Қазіргі уақытта компания Чехияда дилерлік және сервистік желіні құру бойынша белсенді жұмыс істеп отыр. Бірқатар әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілуде.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.