kz ru en

«Астана Моторс» BYD автобустарының өндірісін Қазақстанда локализациялайды


«Астана Моторс» BYD автобустарының өндірісін Қазақстанда локализациялайды

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен BYD коммерциялық техника жөніндегі бас директорының Қытайдағы кездесуінде мәлім болды


Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ҚХР-ға жұмыс іссапарының және халықаралық серіктестікті дамыту аясында BYD Group коммерциялық көлігі жөніндегі бас директоры Тиен Чунлунмен кездесті. Бұл туралы Алматы әкімшілігі баспасөз қызметінің жұма күні, 21 ақпанда таратқан пресс-релизінен мәлім болды.


Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

Ерболат Досаев көлік инфрақұрылымы саласындағы инновациялармен танысу мақсатында Шэньчженде орналасқан BYD компаниясының бас кеңсесіне, өндірістік алаңдарына, R&D-орталығына (ғылыми-зерттеу бөлімдері) барды.


Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

BYD Group коммерциялық көлік жөніндегі бас директоры Тиен Чунлун кездесу барысында бүгінгі таңда Қазақстанда компанияның коммерциялық техника зауытында BYD электрбустарын өндіре бастау туралы «Астана Моторс» компаниясымен келісімге қол жеткені туралы баяндады.

Алматы қаласының әкімін аккумуляторлары әлемдегі ең қауіпсіз аккумуляторлардың бірі болып саналатын BYD электр автобустарымен таныстырды. BYD батареялары Данияның қыс мезгілі жағдайларында сынақтан өткен. Сонымен қатар тесілу, 300°C дейін қызу және жанусыз асқын зарядталу сынақтары сәтті өткізілді. 2024 жылы BYD Blade батареясы  Electrifying.com британ ұйымынан «Жыл инновациясы» марапатын алды.

Тиен Чунлун BYD электр автобустарын Қазақстанда өндіре бастау қаланың автокөлік кластерін дамытудағы маңызды қадамға айналатынын баса айтты.

«Астана Моторс» – Қазақстандағы BYD ресми дистрибьютері.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.