kz ru en

Бизнеске қызмет: Алматыда Қазақстанда өндірілген жаңа Hyundai Porter моделі таныстырылды


Бизнеске қызмет: Алматыда Қазақстанда өндірілген жаңа Hyundai Porter моделі таныстырылды

23 мамыр 2025 жыл, Алматы — Mycar Almaty автоорталығында Hyundai Porter аз тонналы жүк көлігінің жаңа үлгісінің ресми тұсаукесері өтті.

23 мамыр 2025 жыл, Алматы — Mycar Almaty автоорталығында Hyundai Porter аз тонналы жүк көлігінің жаңа үлгісінің ресми тұсаукесері өтті.

Аз тонналы жүк көлігін Алматыда «Астана Моторс» компаниясына қарасты  коммерциялық, мамандандырылған және жолаушылар көліктерін шығаруға арналған Hyundai Trans Almaty толық циклді зауыты шығарады.

Модельдің техникалық сипаттамасы

Hyundai Porter моделі – шағын көлемді және 1,5 тоннаға дейін салмақ көтере алытын маневрлі жүк көлігі. Өтімділігі жоғары жүріс көрсеткіштері және пайдалану кезіндегі жайлылық көлікті қала жағдайында ыңғайлы ете түседі. Көлік 2,5 литрлік (130 а.к.) турбокомпрессорлы D4CB дизельді қозғалтқышы, жаңа 6 сатылы механикалық беріліс қорабы, кондиционері мен былғары орындықтары бар ыңғайлы кабинамен жабдықталған. Аталған көрсеткіштер жүк көлігін шағын және орта бизнес үшін де, ірі кәсіпорындар үшін де оңтайлы етеді.

Hyundai Porter бірнеше шанақ  үлгісінде қол жетімді. Атап айқанда борттық  платформасы бар шанақ үлгісінде, сонымен қатар құрылыс материалдарынан бастап температуралық режимде сақталатын азық-түлікке дейін тасымалдауға арналған өндірістік және изотермиялық фургондар үлгісінде ұсынылған.

Hyundai Trans Almaty өндіруші-зауыты

Hyundai Trans Almaty 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілген модернизациядан кейін,  жыл басында Hyundai Porter өндірісін қайта бастады. Модернизация нәтижесінде ұсақ түйінді әдіспен екі модель, атап айтқанда Hyundai Porter және Hyundai Mighty EX5 жүк көліктерінің өндірісі іске қосылып, зауыт шығарытын өнімдер қатары кеңейе түсті.

«Астана Моторс» кәсіпорынды модернизациялау мен кеңейтуге 12,8 млрд теңге инвестиция жұмсады. Кәсіпорынның өндірістік алаңдары 3 есеге, яғни 7 мың шаршы метрден 19,4 мың шаршы метрге дейін ұлғайды. Коммерциялық техникаларды өндіруге арналған Қазақстандағы алғашқы катафорез желісі іске қосылып, сағатына 1 шанақ Hyundai Porter кабиналарын дәнекерлеуге арналған жаңа желісі іске қосылды. Сонымен қатар жақтау конструкцияларын өндіретін желі орнатылып, қондырмалар өндірісі де жаңғыртылды. Бұл өзгерістер өндіріс қуаты мен өнім сапасын арттыра түсті.

«Қазақстанда Hyundai Porter өндірісін қайта бастау — бұл нарық сұранысына жауап. Біз жергілікті жағдайға және кәсіпкерлердің сұранысына бейімделген, өзін көрсетіп, тексерістен өткен модельді ұсынамыз. Ол әсіресе қалаларда жоғары сұранысқа ие. Оларды басқару оңай, арнайы жүргізуші санаты қажет емес, әдеттегі «В» санатындағы куәлігінің болуы жеткілікті. Өз кезегінде бұл жүргізушілерді жалдау мәселесін жеңілдетеді», - деді Hyundai Trans Almaty директоры Әділбек Гаев.

Қол жетімділік және кепілдіктер
Hyundai Porter жүк көлігіне зауыт кепілдік беріледі: 2 жыл немесе 150 000 км жүріс.

2025 жылдың маусым айынан бастап Қазақстандағы барлық Hyundai дилерлік орталықтарында сатыла бастайды. 

Бастапқы бағасы - 14 млн теңгеден басталады. Қосымша ақпарат 7007 телефоны немесе ресми дилерлер арқылы қол жетімді.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.