kz ru en

«Астана Моторс» коммерциялық техника зауытына 12,8 млрд теңге инвестиция жұмсады


«Астана Моторс» коммерциялық техника зауытына 12,8 млрд теңге инвестиция жұмсады

2025 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен кеңейту жұмыстары жүргізіліп, модернизациядан өткен Hyundai Trans Almaty зауытына барды. Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері және «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты.

2025 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен кеңейту жұмыстары жүргізіліп, модернизациядан өткен Hyundai Trans Almaty зауытына барды. Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері және «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты.

Hyundai Trans Almaty зауытындағы жаңғырту жұмыстары локализация деңгейі арттыру және техникалардың модельдік қатарын кеңейту мақсатында жасалды.

Кәсіпорынның өндірістік алаңдары үш есеге, яғни 7 мың шаршы метрден 19,4 мың шаршы метрге дейін ұлғайды. Өндірістегі басты өзгеріс – Қазақстандағы коммерциялық техниканы өндіруге арналған алғашқы катафорез желісінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Катафорез желісінде 9 ванна және 3 кептіру камерасы бар, сондай-ақ кабиналардың бояу желісі жұмыс жасап тұр. Катафорез-бояу цехының ауданы 1 296 шаршы метрді құрайды. Цехтың өндіріс қуаты – сағатына 1 шанақ.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Almaty жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, кәсіпорынның күрделі технологиялық деңгейге көшуге дайын екенін атап өтті.

«Алматының өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмыс орындарын құру арқылы қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттырады, инфрақұрылымды дамытады, салық төлейді. Бұл – мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін және инженерлік кадрлар мектебін қалыптастыру жолында зор мүмкіндік», — деді Алматы әкімі.

Сонымен бірге  өндірістік процестерге дәнекерлеу және бояу бойынша қосымша технологиялық операциялар енгізіліп, жақтау конструкцияларын өндіретін желі орнатылды. Бұл зауытқа доңғалақ базасының ұзындығы әртүрлі жүк көліктері мен автобустарын, сондай-ақ әртүрлі формалы және күрделі фургондарды шығаруға мүмкіндік береді.

«Hyundai Trans Almaty зауытына 12,8 миллиард теңге инвестиция құйып, жаңа қондырғылар орнаттық, қосымша 100 жұмыс орнын аштық. Hyundai Trans Almaty –  заманауи арнайы техникаларды, сонымен бірге мегаполис үшін жолаушылар автобустарын жеткізуші. 2024 жылы зауыт 2 млрд теңге салық төлеген. Осылайша, кәсіпорын қала алдындағы барлық міндеттемелерін орындап келеді. Өз кезегінде қала да Алматыда коммерциялық техникалар өндірісінің дамуын қолдайды. Біз бұл қолдауларды жоғары бағалаймыз және осы индустрияда дами береміз», - деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

2024 жылдың қорытындысы сай ұсақ түйінді өндіріс (CKD) бойынша автобустардың үлесі 21%,  ал жүк көліктерінің үлесі 67% құрады. Модернизациядан кейін өндірістегі CKD үлесі одан әрі артады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков локализация деңгейін арттыру Қазақстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда біз еліміздің өңдеу секторын дамыту қарқынын арттырып, индустриялы Қазақстанға кезең-кезеңімен көшуге қадам басып келеміз. Өз кезегінде «Астана Моторс» мемлекет алдындағы міндеттемелерін толық орындап, автокөлік кластерін қарқынды дамытып, жаңа және бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестиция жасап, жұмыс орындарын ашуда. Біз бизнестің ШОБ-ті дамыту жәнеи локализация деңгейін артыруда маңызды рөл атқаратынын көріп отырмыз», - деді Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ, Hyundai Trans Almaty зауытында Sammy K (Корея Республикасы) компаниясының Hyundai Porter кабиналарын дәнекерлеуге арналған жаңа желісі іске қосылды. Әр шанаққа 943 дәнекерлеу нүктесі басылады. Аталған желіде 11 дәнекерлеу бекеті, 26 Obara дәнекерлеу пистолеті, дәнекерлеу кондукторлары және жабдықтары орналасқан. Жаңа қондырғы сағатына 1 шанақ шығаруға мүмкіндік береді.

Зауытта қондырмалар өндірісі де жаңғыртылды. 2 252 шаршы метр аумақта автоматты плазмалы кескішпен жабдықталған металл өңдеу цехы, автоматты жүйемен және вакуумдық үстелмен жабдықталған ағаш өңдеу цехы, материалдарды желімдеу бойынша Қазақстан үшін бірегей механикалық желісі бар сэндвич-панельдер өндіру цехы орналасқан.

Қондырмаларды өндіру цехтары зауытқа өнеркәсіптік және изотермиялық фургондарды, автокрандарды, манипулятор крандарын, эвакуаторларды, қоқыс таситын көліктерді, автоцистерналарды, қар тазалайтын машиналарды, автогидрокөтергіштерді және т.б. техникалардың кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді. Цехтың өндірістік қуаты жылына 700 бірлікті құрайды.

2025 жылы шығарылатын техникалардың қатары екі модель, атап айтқанда Hyundai Porter және Hyundai Mighty EX5 жүк көліктерінің ұсақ түйінді өндірісінің іске қосылғанының арқасында кеңейе түсті.

Hyundai Porter – шағын және орта бизнеске арналған аз тоннажды жүк көлігі. Отандық Hyundai Porter жүк көліктерінің алғашқы сатылымы 2025 жылдың сәуір айына жоспарланған, ал құны 14 млн теңгеден басталады.

«Астана Моторс» автокөлік өндірісі саласында позициясын нығайтып келеді. Мәселен, 2025 жылдың 7 наурызында «Астана Моторс» және Youngsan (Корея Республикасы)  компаниялары Almaty Autoparts Production автокөлік орындықтарын шығаратын зауытты іске қосқанын хабарлады. Бірлескен жобаның  инвестициялық құны 4 млрд теңгені құрады. Кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 100 мың орындық жинағын құрайды. Зауыт қазірдің өзінде Hyundai Trans Kazakhstan зауытына орындықтарды жеткізуді бастады. Алдағы уақытта Astana Motors Manufacturing Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес кәсіпорны) мультибрендті автокөлік зауыты үшін орындықтар шығара бастайды.

Мультибрендті зауытты іске қосу 2025 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының өндіріс қуаты жылына 90 мың автокөлікті құрап, Great Wall Motor Company (GWM), Chery, Changan брендтерін шығарады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.