kz ru en

Changan Kazakhstan дистрибуцияның жаңа басшысы тағайындалды


Changan Kazakhstan дистрибуцияның жаңа басшысы тағайындалды

2025 жылғы 4 наурыздан бастап Қазақстандағы Changan дистрибуциясына Денис Коломацкий басшылық етеді.

2025 жылғы 4 наурыздан бастап Қазақстандағы Changan дистрибуциясына Денис Коломацкий басшылық етеді. Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Денис Александровичтің сату бағытында, дилерлік желілер мен өндірісті дамытуда, сондай-ақ жаңа технологиялар мен бизнес-процестерді енгізуде үлкен тәжірибесі бар. Ол «Астана Моторс» құрылымында 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Астана мен Алматыдағы дилерлік орталықтардың директоры, «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі Басқарушы директоры, Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының директоры қызметін атқарды.

Денис Коломацкий - жауапкершілігі жоғары, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыра алатын және ұжымды алдына қойылған мақсаттарға жеткізе алатын жоғары өмірлік ұстанымы бар тиімді көшбасшы. Ол белсенді түрде спортпен шұғылданады, сонымен бірге трофи-рейд және джип-спринт бойынша Қазақстан чемпионы болып табылады. Өз кезегінде бұл жетістіктер оның көшбасшылық қасиеттерін, жоғары жауапкершілігін және командада жұмыс істеу қабілетін тағы да айшықтай түседі.  

«Астана Моторс» ұжымы Денис Коломацкийдің Changan диструбициясын қысқа мерзімде жетекші орынға шығара алатынына сенімді.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.