kz ru en

Шыңдарды бағындыру


Шыңдарды бағындыру

Chery-ге махаббат біріктіреді

slider_353
slider_354
slider_355
slider_356
slider_357
 

Chery-ге махаббат біріктіреді

29 қараша күні Шымбұлақта Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы мен «Астана Моторс» клиенттер күнін өткізді. Таза ауа, әдемі көріністер және достық атмосферасы – @chery.kazakhstan ұмытылмас эмоциялар сыйлау үшін тағы да өз клиенттерін бірге жинады.

SKI WITH CHERY іс-шарасының аясында шаңғы спорты мен сноуборд бойынша әуесқойлық жарыс өтті, ал жеңімпаздар естелік медальдар мен сыйлықтарға ие болды. Жарысқа қатыспаған жандар үшін жүргізушісі, диджейі, ойындары, дәмді тағамдары және басқа да белсенділіктері бар ойын-сауық бағдарламасы қарастырылды.

«Сhery – жай ғана автокөлік емес, өз-өзіне және қоршаған ортаға махаббатты көрсететін өмір стилі. Онда спорт пен табиғат аясында демалу мүмкіндігінің орны ерекше. Сондықтан біз үшін қызығушылықтары мен талғамдары сай келетін барлық адамды біріктіру маңызды», – деп өткен іс-шарада маркетинг жөніндегі директор Айгүл Темешова бөлісті.

Ұйымдастырушылар ауа райы мен көңіл-күй жақсы болғанының арқасында клиенттер күні тамаша өткенін және барлық қатысушы жаңа пайдалы таныстық бастағанын да атап өтті.

With Chery With Love

#wcwl #cherykz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.