kz ru en

Лермонтов атындағы театрға Chery Tiggo 7 Pro автокөлігі сыйға тартылды


Лермонтов атындағы театрға Chery Tiggo 7 Pro автокөлігі сыйға тартылды

"Астана Моторс" компаниясы Алматыдағы Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына Chery Tiggo 7 Pro көлігін тарту етіп, үлкен сыйлық жасады.

"Астана Моторс" компаниясы Алматыдағы Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына Chery Tiggo 7 Pro көлігін тарту етіп, үлкен сыйлық жасады.

"Астана Моторс" негізі қаланған күннен бастап маңызды әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударады және өнер саласындағы бастамаларды қолдау олардың маңызды бөлігі болып табылады. Chery бренді ресми түрде ұсынылған барлық елдерде әлеуметтік жауапты бизнес позициясынан қоғаммен қарым-қатынасты қалыптастырады.

«Мәдени мұраны сақтау қоғамда дұрыс құндылықтарды дамыту үшін ерекше маңызды. "Астана Моторс" компаниясы мен Chery бренді Қазақстанның театрлық өнерін қолдауға өз үлесін қосуға қуанышты. Үлкен қалада көлік көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, заманауи және стильді Tiggo 7 Pro бұл рөлге өте ыңғайлы», – деді Chery Kazakhstan дистрибуция директоры Нұрлан Шамғонов.

Театр өкілдерінің айтуынша, қала ортасын дамыту үшін бизнестің мәдениет ошақтары мен жобаларды дамытуына назар аударуы өте маңызды.

«Драма театры ең алдымен өнер және сонымен бірге спектакльдерге дайындық жүргізетін күнделікті жұмыс. Осы орайда, бізге көлік аса қажет. Біз онымен гастрольдік сапар аясында Алматыға келетін еңбек сіңірген әртістер мен театр ардагерлерін де тасымалдайтын боламыз», - деді өкілдер.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.