kz ru en

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады


«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді.


«Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов
Фотосурет: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

Жаһандық Genesis брендті Қазақстанда ұсыну құқығын «Астана Моторс» құрамындағы Genesis Auto Kazakhstan дистрибьюторына сеніп тапсырды. Алдыңғы күні The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде Орталық Азиядағы премиум бренд тарихының ресми басталуына орай салтанатты қабылдау өтті.


The Ritz-Carlton Almaty, Қазақстанда Genesis брендінің ресми түрде іске қосылуына орай қабылдау
Фотосурет: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

2015 жылдың қарашасында Корея Республикасында (Сеул) құрылған Genesis Еуропада, АҚШ-та, Канадада, Қытайда, Аустралияда, БАӘ-да, Сауд Арабиясында, Катарда және басқа елдерде негізгі нарықтарда премиум клиенттер арасында танылды. Бүгінгі таңда әлемде брендтің сату көлемі 1 млн 260 мың бірліктен асады. Қазір Genesis ресми түрде Орталық Азияда ұсынылған.

Генезис «шығу тегі», «қалыптасу», «пайда болу» дегенді білдіреді. Брендтің міндеті клиентке жеке тіл табу және есте қаларлық тәжірибе жасау арқылы әрбір сатып алушыны құрметті қонақ қылу болып табылады деп Genesis Auto Kazakhstan дистрибьюциясында айтылады.

Өндірісті бастағаннан бері қысқа уақыт ішінде оңтүстік кореялық компанияның әлемдік деңгейдегі жетістігі қызмет көрсету мен жоғары деңгейлі қолдаумен толықтырылған кербез автокөліктер желісінің арқасында мүмкін болды. Genesis автокөліктері қауіпсіздікке, сапаға, жайлылыққа, дизайнға, кешенді қызмет көрсетуге, жеке тіл табуға басымдық беретін клиенттер үшін жасалған.


Майк Сонг, Genesis-тің жаһандық бөлімшесінің басшысы
Фотосурет: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

«Қазақстан нарығына шығу біздің жаһандық өсу стратегиямызда маңызды кезең болып табылады. Біз осы серпінді нарыққа дизайн кемелдігінің, озық технологияның және бренд философиясының бірегей қоспасын әкелу мүмкіндігіне қуаныштымыз. «Астана Моторс» компаниясымен серіктестік бізге қазақстандық клиенттерге Genesis-тен ерекше әсер cыйлап, олардың сән-салтанат пен технологиялылыққа деген үміттерін ақтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Genesis жаһандық бөлімшесінің басшысы Майк Сонг.

Алматыдағы іс-шараның басты кейіпкері әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли мырза, Genesis жаһандық дизайн орталығының басшысы, World Car Person Of The Year (АҚШ, 2023 ж.), Most Creative People in Business, Fast company (АҚШ, 2023 ж.) және Silver Tower Order Of Industrial Service Merit (Корея, 2021 ж.) марапаттарының иегері.

Қазақстанда Genesis-ті іске қосу рәсімі кезінде Ли мырза қазақстандық автокөлік сарапшысы Дияс Уәлиханға берген эксклюзивті сұхбатында брендтің символы — радиатордың фирмалық торынан екі жаққа ұшып бара жатқан қанаттарды білдіретін қосарланған шамдардың параллель сызықтары туралы айтты. Genesis-тің дизайн философиясы дизайндағы серпіндік мен кербездікті біріктіретін Athletic Elegance тұжырымдамасына негізделген.

Сан Еп Лидің артында автокөлік дизайнындағы 30 жылдық мансабы бар екенін атап кетейік, ол Porsche компаниясында бастап Cayenne-ннің бірінші буынын құруға қатысты.


Genesis дизайн басшысы Сан Еп Ли (сол жақтан төртінші), «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Genesis жаһандық бөлімшесінің басшысы Майк Сонг және Genesis командасы
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

«Genesis — өнімділіктің, дизайнның, қауіпсіздіктің, инновацияның жоғары стандарттары бар әлемге танылған бренд. Біздің серіктесіміз Genesis-ке Қазақстандағы брендті ресми түрде ұсынуға деген сенімі үшін, клиенттерді Қазақстандағы Genesis сертификатталған қызметкерлер командасының жаңа беделді премиум автокөліктерімен және жоғарғы дәрежелі қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз» — деп атап өтті «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Сондай-ақ The Ritz-Carlton Almaty-да брендтің өңірде ресми іске қосылуына орай салтанатты рәсімінде ресми дистрибьютор қазақстандық нарыққа жаңартылған кроссовер Genesis GV80 және брендтің сату көшбасшысы, әлем бойынша 390 мыңнан астам бірлік көлемінде, электрлендірілген нұсқасын қоса алғанда сатылған седан Genesis G80 модельдердін ұсынды.


Жаңартылған Genesis G80 седаны
Фотосурет: «Астана Моторс» баспасөз қызметі
 

Бүгінгі таңда Қазақстанда ұсынылған Genesis-тің модельдік қатарында G70, G70 Shooting Brake, G80, GV 70, GV80 және GV80 Coupe модельдері бар. 2025 жылы ресми дистрибьютор G90 седанын нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда Genesis автокөліктерінің бағасы модель мен жиынтыққа байланысты 20 млн теңгеден басталады.

Астана мен Алматыдағы Genesis шоурумдары клиенттерді қабылдауда. Елордалық брендтің шоурумы Астананың сол жағалауында Talan Gallery-де, Достық көшесінде орналасқан. Алматы шоурумы мегаполистің ірі және орталық автомагистральдерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойындағы Esentai Tower-де ашылды.

Қазақстандағы Genesis модельдері туралы, сатып алу шарттары және басқа да ақпаратты дистрибьютордың ресми сайтынан, әлеуметтік желіден, сондай-ақ «Астана Моторс» тәулік бойы жасайтын байланыс орталығынан 7007 нөмірі бойынша білуге болады.

forbes.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.