kz ru en

Премиум санаттағы TANK 500 BLACK жол талғамайтын көлік Қазақстанда


Премиум санаттағы TANK 500 BLACK жол талғамайтын көлік Қазақстанда

«Астана Моторс» құрамындағы TANK брендінің ресми дистрибьюторы премиум санаттағы TANK 500 BLACK жол талғамайтын көлігін ұсынды.

«Астана Моторс» құрамындағы TANK брендінің ресми дистрибьюторы премиум санаттағы TANK 500 BLACK жол талғамайтын көлігін ұсынды.

TANK 500 BLACK енді одан да қуатты және стильді, оның өктемдігі мен қайсарлығы экстерьер мен интерьерде ғана емес, техникалық параметрлерде де көрініс тапқан.

Капот астында: қос турбоүрлемі бар, 354 ат күші мен 500 Нм айналдыру моментін беретін 3 литрлік V6 бензин қозғалтқышы. 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен бірге ол тамаша динамика мен сенімді үдеуді қамтамасыз етеді. 

TANK 500 BLACK көлігінің стильді қара антихром-шанағының астында классикалық «жол талғамайтын» жинақтама: алдыңғы осьті қосатын электрмагниттік муфта бар Torque-on-Demand толық жетекті интеллектуалды трансмиссиясы, төмендетілген беріліс, алдыңғы және артқы дөңгелекаралық дифференциалдардың құлпы және кесілмейтін артқы көпірі бар серіппелі аспа бар.

TANK 500 BLACK жинақтамасына екі отын багы кіреді: 80 литрлік негізгі және 50 литрлік қосымша, осының арқасында жалпы жүріс қоры 1000 км құрайды! Енді жиі отын құю қажеттілігінсіз ұзақ сапарларға аттануға болады.

Хромдалған элементтердің болмауы TANK 500 BLACK көлігінің кейпін қатал әрі өршіл етеді. Қара шанақ, алдыңғы жарық техникасы,  эксклюзивті дөңгелек дискілер. Автокөлік интерьері спорттық сипаттқа басымдық берген.

Салонда «жайлы» пакет пен 3 аймақтық климат-бақылау жүйесі бар, оның ішінде алдыңғы әйнек пен жуғыш форсункаларды, рульдің және барлық орындықты электрожылыту қоса берілген. Алдыңғы және артқы тұман фаралар саяхатқа ерекше атмосфера береді.

Ұзақ сапарда TANK 500 BLACK-ке шұғыл тежеу және жолсыз жерде бұрылу кезінде  көмек көрсету жүйесі, төмен жылдамдықта қозғалу функциясы бар бейімделетін круиз-бақылау және автоматты түрде тұраққа қою жүйесі орнатылған.

TANK 500 BLACK HAVAL & TANK Al Farabi ДО-да (Алматы) және HAVAL & TANK Nurly Zhol ДО-да (Астана) қолжетімді.

Бағасы 28 490 000 теңгеден басталады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.