kz ru en

ЖАҢА CHERY TIGGO 2 PRO – 7 490 000 ТЕҢГЕДЕН БАСТАП


ЖАҢА CHERY TIGGO 2 PRO – 7 490 000 ТЕҢГЕДЕН БАСТАП

«Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы нарыққа өзінің бестселлері – CHERY TIGGO 2 PRO автокөлігінің жетілдірілген нұсқасын ұсынды.

«Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы нарыққа өзінің бестселлері – CHERY TIGGO 2 PRO автокөлігінің жетілдірілген нұсқасын ұсынды.

CHERY TIGGO 2 PRO – габариттері 4200 х 1760 х 1570 мм қолжетімді, ыңғайлы субықшам кроссовер.

TIGGO 2 PRO-ның дизайны стильді әрі заманауи, өткіштігі жақсы, клиренсі биік. Ол үнемді, жайлы және қауіпсіз.

Алдыңғы нұсқасы секілді TIGGO 2 PRO да көлемі 1,5 литрлік атмосфералы қозғалтқышпен жабдықталған, қуаты 113 аттың күшіне дейін көбейтілді.

Кроссовер жергілікті жағдайларға тамаша бейімделген: салонына кондиционер және кеңейтілген қысқы пакет: алдыңғы әйнекті, әйнекжуғыш бүріккіштері және алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі орнатылған.

Автокөлік орталық құлыппен, электрлі әйнеккөтергіштермен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған. Жаңалықтарына келсек — бүйірлік айналардың электржетегі, рульдің және руль рейкасының электрлі реттегіші, сондай-ақ электрлі тұрақ тежегіші бар. Жүргізу режимін таңдау мүмкіндігі, кілтсіз кіру және қозғалтқышты қашықтан оталдыру функциясы пайда болды.

Дизайны бойынша ішінен де, сыртынан да айқын көзге түсетін өзгерістер бар: жаңа радиатор торы, күндізгі жүріс жарықтарының дизайны апгрейдтен өтті, оған қоса бұрын олар галогенді болған болса, енді жарықдиодты. Сонымен қатар бренд PRO нұсқасында дискілердің, жүксалғыштың және спойлердің жаңа дизайнын ұсынды. Салон ішінде — беріліс қорабының жаңа селекторы және жақсартылған мультимедиа орнатылған жаңа консолі бар.

TIGGO 2 PRO-ның дауыспен басқару мүмкіндігі бар мультимедиа жүйесі Apple CarPlay-мен және Android Auto-мен үйлеседі, 4 динамикті аудиожүйеге кіріктірілген, алдын ала орнатылған қазақ тіліндегі мәзірді қолдайды.

TIGGO 2 PRO-ның бағасы – 7 490 000 теңгеден басталады. Бүкіл Қазақстан бойынша CHERY ресми дилерлік орталықтарында жаңа өніммен жақынырақ танысуға, тест-драйвқа жазылуға және сатып алуға болады.

Нұрлан Шамғонов, «Астана Моторс» құрамындағы CHERY ресми дистрибьюторының директоры: «Қазақстанда Tiggo желісіндегі ең кенже модельді енді ғана ұсына бастаған кездің өзінде бұл автокөліктің бойында халықтың сүйікті көлігіне айналуға қажетті бүкіл қасиеттердің бар екеніне сенімді едік. Сатылымдар статистикасы бұл автокөлікке сенім артып жаңылыспағанымызды көрсетті. 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың тамызына дейін 7 148 Chery Tiggo 2 сатылды. Жаңартылған нұсқасының да қалың жанкүйерлер тобы болады деп ойлаймын.

Бренд жанкүйерлері расында да көп. CHERY KAZAKHSTAN ресми дистрибьюторы нарықта 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бренд іске қосылған сәтінен бастап Қазақстанда 2024 жылдың тамызына дейін — 26 011 Chery автокөлігі, 2024 жылдың 8 айының ішінде — 9 267 бірлік, тек 2024 жылдың тамыз айының ішінде ғана — 1 229 данасы сатылды. Қазақстан нарығындағы Chery үлесі 7.9%-ға дейін өсті.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.