kz ru en

«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты


«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.


Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Гусман Қырғызбаев, Нариман Құрбанов, Ислам Сәтбаев және «Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.


Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов. «Астана Моторс» фотосуреті

Күміс медаль иегері, гимнаст Нариман Құрбанов Hyundai Santa Fe иесі атанды. Қола жүлдегерлер – дзюдошы Гусман Қырғызбаев пен оқ атудан сайысқа түскен Ислам Сәтбаев Hyundai Tucson автокөліктерін сыйлық ретінде алды. Барлық модельдер ең танымал Travel жиынтықталымында ұсынылған.

«Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев жеңімпаздарды құттықтап, Hyundai – Қазақстан нарығындағы көшбасшы және әлемдік брендтің автокөліктері Алматыда шығарылатынын атап өтті.
«Біз отандастарымыздың жоғары нәтижелеріне ризамыз және мақтан тұтамыз. Hyundai автокөліктерін бүкіл ел жақсы көреді, бұл Қазақстандағы автокөліктер сатылымының чемпионы және біз Нариманға, Гусманға және Исламға Алматының Hyundai Trans Kazakhstan зауыты шығарған Hyundai Santa Fe және Hyundai Tucson ең танымал модельдерін қуана сыйлаймыз. Олимпиада жүлдегерлеріне Қазақстан бойынша, өмір бойынша бақытты саяхаттар және әлемдік спорт аренасында жаңа жеңістер тілейміз», - деп түйіндеді Бекнұр Несіпбаев.


Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев. «Астана Моторс» фотосуреті

Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесуде Ұлттық құрама сапындағы Алматы қаласының спортшылары Қазақстан қоржынына ең көп медаль әкелгені атап өтілді.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.