kz ru en

НУРЛАН СМАГУЛОВТЫҢ ЖАҢА ЗАУЫТЫ


НУРЛАН СМАГУЛОВТЫҢ ЖАҢА ЗАУЫТЫ

Кәсіпкер компанияның экспорттық жоспарлары туралы айтып берді

Кәсіпкер компанияның экспорттық жоспарлары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» компаниясы Алматы индустриялық аймағында толық циклді мультибрендтік зауыт салуда. Бұл үш брендтің тоғыз моделін шығаруға арналған заманауи өндіріс.
Қазіргі уақытта Chery Tiggo 2, Haval Jolion, Tank 300 өндірісіне бренд иелерімен келісілген. Changan моделі келісімдеу сатысында. Зауыттың толық модельдік желісі өндірісті пилоттық іске қосу алдында ұсынылатын болады.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауытының құны - 182 млрд теңге. Оның 30%-ы - меншікті қаражат, 70%-ы - қарызға алынған қайтарымды қаражат, 15 жылға Өнеркәсіпті дамыту қоры қаржы лизингі және Қазақстан даму банкі кепілдігі қаражаты арқылы жылдық 9% мөлшерлемесі бойынша.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жобасы көптеген өлшемдер бойынша бірегей. Бұл Қытайдың жетекші үш брендінің модельдері шығарылатын жалғыз зауыт. Ол сондай-ақ ТМД аумағында дәнекерлеу және құрастыру цехтары әртүрлі қабаттарда орналасқан жалғыз және ҚР аумағындағы шанақтарды автоматты түрде тарататын қоймасы бар бірінші зауыт. Бұдан басқа, тек Astana Motors Manufacturing Kazakhstan-да, егер ТМД автозауыттарымен салыстырсақ, құрғақ коагуляция әдісі (бояу камерасындағы ауаны түрлі-түсті аэрозольден тазарту) пайдаланылатын болады. Бұл автокөлік жасаудағы заманауи жасыл технология, ол кең таралған су технологиясынан айырмашылығы, су мен химиялық заттарды пайдаланбайды, камерадағы зиянды заттарды ұстауда 60% тиімдірек және электр энергиясын 35% аз пайдаланады.

Кәсіпорынның мәлімделген өндірістік қуаты – жылына 90 мың автокөлік, алайда қазақстандық Автонарыққа 40%, ал өнімнің 60% ТМД елдеріне экспортқа жіберілетін болады.

«Астана Моторс» портфелінде ҚХР жеңіл автокөліктерінің брендтері 2021 жылдан бастап пайда болды. Нурлан Смагуловтың пікірінше, бұл автокөліктер Қазақстанда өз орнын тауып, өндірісті жергіліктендіргеннен кейін одан да сұранысқа ие болады: Қытай машиналарының алғашқы сатып алушылары жаңасын жақсы көретіндер, келесі лектегілер – консерваторлар, көршісінің машинаны қалай пайдаланатынын көретіндер, қандай пікірлер бар екенін қарайтындар, көздеп қарап жүргендер болды. Біз осы уақытқа дейін өз зауытымызда қытайлық көліктерді шығара бастадық, өйткені біз оларды жеткілікті түрде сынап көрдік және сапасына сенімдіміз».

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan құрылысы – қазақстандық өнеркәсіпті одан әрі дамытудағы маңызды қадам. Бұл процеске көптеген іргелес өндірушілерді тартатын –  жоғары қайта жасау саласы.

Оның қалай жұмыс істейтіндігін «Астана Моторс» Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жанында салынып жатқан автокомпоненттердің өндірістік кластерінің мысалында көрсетуге ниеттеніп жатыр. «Астана Моторс» СЕО Бекнур Несипбаевтың айтуынша, «Бұл кластер «Астана Моторс» үшін жаңа тауашалар емес, шағын және орта бизнес үшін бағдар, жергілікті бизнесті дамыту бағыты. Бүкіл әлемде автокөлік саласы офтейк-келісімшарттар есебінен жұмыс істейді және өндірушілердің ынтымақтастығының дәл осындай схемасын Қазақстанда автокомпоненттер өндіру жөніндегі кәсіпорындарды ашу арқылы енгізу қажет».

«Барлық уақытта «Қазақстандық автокөліктерде қазақстандық тек шиналардағы ауа ғана» деп айтылады. Елбасы автоөнеркәсіп алдына жиналған машиналарды көбейту, өндірісті ұлғайту ғана емес, жергіліктендіруді тереңдету міндетін қойып отыр. Қазақстандықтар автокөліктерді қазақстандық деп санауы үшін автокомпоненттер, қосалқы бөлшектер шығару қажет. Міне, мынау орындықтар, бамперлер, мультимедиялық жүйелер – бұл жолдың басы ғана. Біз үш жыл ішінде Қазақстанда мөртабан (шанақ), автошыны, кабель, лак-бояу өндірісі пайда болғанын қалаймыз. Біз «мүмкін емес» деп қорықпауымыз керек. Менің ойымша, машиналарды құрастыру кезеңі аяқталды. Шынымды айтсам, ол жеткілікті түрде созылды. Біз автокөлік өндірушілеріне қойылатын талаптарды барған сайын күшейтуіміз керек, сондықтан олар шағын түйінді өндіріске көшеді. Біздің мүмкіндігіміз көршілес Өзбекстан мен Ресейден жаман емес деп санаймын», - деді Нурлан Смагулов.

Осылайша, «Астана Моторс» өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің курсын қолдайды, автокөлік компоненттерін өндіруді жергіліктендіруді қоса алғанда, өнеркәсіпті, машина жасауды және автокөлік жасауды дамытуға өз үлесін қосады.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan құрылысының өзі қазақстандық өндірушіні қолдап отырғандығын айта кетейік. Зауытты салу қазақстандық инженерлер мен құрылысшылардың күшімен жүргізіледі, олардың үлесі 90% -ды құрайды. Тек 10%-ы автокөлік зауыттарын салуға мамандандырылған шақырылған инженер-кеңесшілерге тиесілі.

Құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдардың 50%–дан астамы–қазақстандық өндіріс, ал кейбір позициялар бойынша (бетон, металпрокат, желдету коммуникациялары) үлесі 100%-ға жетті.

Жаңа зауытта пилоттық өндірісті бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.