kz ru en

Нұрлан Смағұлов Бейжіңде Great Wall Motor негізін қалаған серіктесімен не туралы келісті?


Нұрлан Смағұлов Бейжіңде Great Wall Motor негізін қалаған серіктесімен не туралы келісті?

«Астана Моторс» негізін қалаған Нұрлан Смағұлов ҚХР Great Wall Motor ірі жеке автомобиль жасау компаниясының негізін қалаушы Вэй Цзяньцзюнь (Wei Jianjun) мырзамен кездесті.

«Астана Моторс» негізін қалаған Нұрлан Смағұлов ҚХР Great Wall Motor ірі жеке автомобиль жасау компаниясының негізін қалаушы Вэй Цзяньцзюнь (Wei Jianjun) мырзамен кездесті.

Қазақстандық кәсіпкер Қытай астанасына Бейжіңдегі Auto China автосалонына бару үшін, сондай-ақ Халықаралық бизнес-серіктестермен одан әрі даму жоспарларын талқылау үшін келді.

«Аспан асты елінің өндірушілеріне Қазақстан нарығы өте қызықты. Біз бұл ынтымақтастықты дамытатын боламыз. Бүгін Great Wall Motor негізін қалаушы Вэй мырзамен кездесу өтті. Бұл компания Қазақстанда Haval автомобильдерін, GWM пикаптарын, жол талғамайтын TANK көліктерін ұсынады. Great Wall Motor девелоперлік бизнесті, автомобильдерді, технологияларды, соның ішінде «жасыл» технологияны белсенді түрде дамытуда, оған GWM еншілес кәсіпорны, SVOLT брендімен жаңа энергия көздерін қолданатын автомобильдерге арналған тартқыш батарея шығаратын зауытқа барғанда көз жеткіздік. Біз қазір Алматыда салынып жатқан жаңа мультибренд зауытында TANK 300 моделін шығару жоспары аясында ынтымақтастықты нығайтамыз деп келістік», – деді Нұрлан Смағұлов журналистерге.

Бизнесмен сондай-ақ, Қазақстанда Great Wall Motor құрамына кіретін брендтердің модельдік желісі жаңарғаны туралы хабарлады. Атап айтқанда, биыл брендтің жаңа флагманы – Tank 700 сатылымға шығады.

«Бұл Қазақстандағы жол талғамайтын ең ірі көліктердің бірі болады. Кеше біз полигонда Tank 700 көлігін айдап көрдік. Автокөлік қарқыны сағатына 200 шақырым жылдамдыққа дейін жетті, бұл өте әсерлі», - деді Смағұлов. 

Қазақстандық кәсіпкер Бейжің автосалонынан алған әсерге қатысты бұл озық жаңалықтарды бүкіл әлемге паш ететін ірі халықаралық оқиға екеніне назар аударды.

«Қытай қазіргі уақытта автоөнеркәсіп саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналып қана қоймай, өзіне үлкен назар аударуда, және бұл жерде қытайлық брендтер ғана ұсынылмаған. Бірінші күні моторшоуға 100 мыңнан астам адам келді. Мұнда таныстырылатын жаңа өнімдер тек қытай нарығына ғана емес, әлемдік нарыққа, оның ішінде Қазақстанға да арналған. Яғни, біз бүкіл әлеммен бір мезгілде автомобиль өнімдерінің соңғы жаңалықтарымен таныса аламыз», – деді Смағұлов.

Айта кетейік, Қазақстанда Great Wall Motor 2021 жылдың сәуір айынан бастап таныс. Ресми дистрибьюторы «Астана Моторс» құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan компаниясы. Haval, Tank, GWM брендінің дилерлік желісіне Қазақстанның 20 қаласы, сондай-ақ онлайн-дилерлер кіреді.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.