kz ru en

«Астана Моторс» компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге 500 млн теңге жіберді


«Астана Моторс» компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге 500 млн теңге жіберді

«Астана Моторс» қазақ мотор автокомпаниясы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек ретінде 500 миллион теңге аударды.

«Астана Моторс» қазақ мотор автокомпаниясы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек ретінде 500 миллион теңге аударды.

Нұрлан Смағұлов, «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы:

«Біз барлығымыз не болып жатқанын жақсы түсінеміз және бұл табиғат апаттың  салдарынан баспанасынан, дүние-мүлкінен және күнкөріс құралдарынан айырылған отандастарымызбен көңіліміз ортақ. Біз зардап шеккен аймақтардағы қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін 500 миллион теңге бөлуді ұйғардық. Төзімділік, шыдамдылық және өзара көмек су тасқынының салдарын еңсеруге көмектеседі».

Қаражат «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорының шотына аударылды.

Су тасқыны жағдайы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында.

2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында уақытша орналастыру орталықтарында 6461 адам орналастырылған, оның 2570-і балалар.

Әуе кемелерімен 961 адам эвакуацияланды, оның ішінде 261 бала.

Жедел желіге 592 қоңырау түсіп, 20 облыста республикалық және облыстық жедел штаб жұмысын жалғастыруда.

Қиын су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін еліміздің басқа облыстарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары тартылды.

Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайы бақылауда.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.