kz ru en

Жаңа Hyundai Sonata Қазақстанда: не өзгерді, қанша тұрады?


Жаңа Hyundai Sonata Қазақстанда: не өзгерді, қанша тұрады?

Sonata DN8 FL бизнес-седанының жаңа буынын сатуды «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы іске асырады. Автокөлікке Қазақстан бойынша ресми дилерлік орталықтарда алдын ала тапсырыс беруге болады.

Sonata DN8 FL бизнес-седанының жаңа буынын сатуды «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы іске асырады. Автокөлікке Қазақстан бойынша ресми дилерлік орталықтарда алдын ала тапсырыс беруге болады.
Жаңа Sonata - дәстүр сабақтастығының, инновациялық дизайнның және озық технологиялардың үйлесімі.

Экстерьер
Экстерьердің дизайнында «сезімдік спорттылық» концепциясы көрініс тапқан. Seamless Horizon көлденең жарықдиодты жолағы, H-тәрізді артқы шамдар және DWL динамикалық жарықтандыру жүйесі модельдің футуристік дизайнын баса көрсетті. Кең орналастырылған жасырын фаралар, жалпақ радиатор торы және ауа тартқыш автокөлікке динамикалық және агрессивті көрініс береді.

Интерьер
Автокөлік салоны кеңейе түсті. Көлемі 12,3 дюйм болатын қиғаш инновациялық дисплей мен салонның екі түсті амбиентті жарықтандыруының көмегімен жаңа цифрлық технологиялар әлеміне үңілесіз. Руль бағанындағы SBW жүйесінің иінтірегі ішкі кеңістікті тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді және жүргізушіге жайлылықты қамтамасыз етеді.

Динамика
Жаңа Sonata көлемі 2,5 литр аралас бүріккіші бар және қуаты 191 а.к. болатын Theta-III 2.5 GDI қозғалтқышымен жабдықталған, автоматты қорап енді 8 сатылы. Бұл қуат пен жылдамдықтан кедергісіз ләззат алу үшін – шуды, дірілді және қаттылықты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген амортизациялық жүйе жақсартылды.

Қауіпсіздік – бес жұлдыз
Hyundai белсенді және пассивті қауіпсіздік мәселелерінде алға кетті: бұл модель үшін NCAP заманауи талаптарынан оза түсетін қатаң стандарттар қолданылды. Қозғалыс кезіндегі тұрақтылық жақсартылды, соқтығысу кезінде энергияны тарататын конструкцияны пайдалану есебінен бүйірлік соққылардан қорғаныс күшейтілді. Краш-тестілеуде сегізінші буынды Sonata-ның жалпы бағасы - 88,3%, бұл рейтингтің бес жұлдызына сәйкес келеді.

Жайлылық
Жолаушылар мен жүргізушінің жайлылығына ерекше көңіл бөлінді. Орташа өлшемді седандар сирек жабдықталатын жаңа интеллектуалды жүйелер енгізілді: жаңа буынды ақпараттық ойын-сауық жүйесі және қосымша ыңғайлылық пен сән-салтанат үшін электр жетегі бар багаж бөлімінің қақпағы.



Жаңа Hyundai Sonata сегіз түсте, соның ішінде қара, ақ, көк, қызыл және күңгірт нұсқадағы бірнеше сұр реңктерде қолжетімді. Автокөлік алты жиынтықталымда ұсынылған. Бағасы 13 990 000 теңгеден басталады. Сатып алған кезде – Hyundai-ден сыйлыққа 5 техникалық қызмет көрсету.

Толығырақ ақпаратты hyundai.kz сайтынан немесе 7007 байланыс орталығынан ала аласыз.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.