kz ru en

IONIQ 5 - пен кепілдендiрiлген кешбэк


IONIQ 5 - пен кепілдендiрiлген кешбэк

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы ЦентрКредит Банкімен бірлесіп Еуропалық қайта құру банкінен жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы (GEFF) шеңберінде қарыз сомасының 10%-ы мөлшерінде кешбэк алуға бірегей мүмкіндік беретін Hyundai IONIQ 5 электрмобильдерін кредиттеу бағдарламасын іске қосатынын қуана хабарлайды.

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы ЦентрКредит Банкімен бірлесіп Еуропалық қайта құру және даму банкінен жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы (GEFF) шеңберінде қарыз сомасының 10%-ы мөлшерінде кешбэк алуға бірегей мүмкіндік беретін Hyundai IONIQ 5 электрмобильдерін кредиттеу бағдарламасын іске қосатынын қуана хабарлайды.

Бағдарламаның қолданылу мерзімі: 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығы

Кешбэк алу рәсімі:

  • Hyundai дилерлік орталығында кредит алуға өтінім беру.
  • 10%-дан басталатын бастапқы жарнаны енгізу.
  • Құжаттар тізімін алу және қарызды ресімдеу.
  • Автокөлікті ресімдеу және беру.

5. 2-3 ай ішінде картаға 571 800-ден 2 859 000 теңгеге дейін кешбэк алу.

*Кешбэк мөлшері қарыз сомасына байланысты.

Кешбэк берілетін тиімді кредиттік ұсыныс - экологиялық тұрғыдан дұрыс таңдау жасауға, технологиялық электркардың иесі болуға және қосымша пайда алуға ұмтылатындар үшін тамаша мүмкіндік.

Автокөліктер Алматы және Астана қалаларының дилерлік орталықтарында қолжетімді.
Серіктес банк "ЦентрКредит Банкі" АҚ (ҚНРДА 03.02.2020 ж. №1.2.25/195/34 лицензиясы)


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.