kz ru en

«АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ACCENT АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН ҚАЙТА БАСТАДЫ


«АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ACCENT АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Танымал модель Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауытының өндірістік желісіне қайта оралды. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы бірқатар елдермен Алматыда Hyundai Accent моделін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ түйінді өндіру үшін қажетті жиынтықтауыштар жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізді.

Танымал модель Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауытының өндірістік желісіне қайта оралды. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы бірқатар елдермен Алматыда Hyundai Accent моделін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ түйінді өндіру үшін қажетті жиынтықтауыштар жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың тамыз айында Қазақстандағы Hyundai дистрибьюторы Hyundai Accent автомобильдерін өндіру жоспарына түзету енгізген болатын. Жартылай өткізгіштер мен логистика дағдарысын ушықтырып жіберген геосаяси жағдайға байланысты Алматыдағы кәсіпорын құрамдас бөлшектердің жеткізілуі бойынша қиындықтарға тап болған еді.

Hyundai Accent көлігінің қазақстандықтар арасындағы танымалдығын ескере отырып дистрибьютор бұл модельдің өндірісіне арналған құрамдас бөлшектерді жеткізудің балама жолдарын іздестірді.

Келіссөздер нәтижесінде дистрибьюторға Қытай, Үндістан, Корея және Ресейдегі Hyundai зауыттарынан Hyundai Accent автомобиліне арналған құрамдас бөлшектер жеткізу туралы келісімге келудің сәті түсті.

Осы жылдың қараша айында Hyundai Trans Kazakhstan құрамдас бөлшектерді қабылдап алып, Hyundai Accent автомобилінің өндірісіне кірісті. Пилоттық топтамадағы автомобильдер бүгінде отандық дилерлерге келіп түсіп те жатыр.

«Әлемдік нарықтағы қиындықтарға – логистиканың бұзылуына, жартылай өткізгіштер дағдарысына, геосаяси жағдайға қарамастан  Hyundai маркасының танымалдығы артып келеді, 2022 жылдың 11 айының ішінде біз Қазақстанда 25 760 автомобиль саттық, бұл 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (20 328 бірлік) 27%-ға көп.  Біз өндіріс көлемдерін ұлғайтып, шығарылатын автомобильдердің модельдік желісін кеңейтіп жатырмыз, үнемі тапсырмаларды шешу жолын іздеудеміз және жұмыстың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Жеткізушілермен ынтымақтастығымыз ұзаққа созылады деп үміттенеміз және құрамдас бөлшектерді жеткізу бойынша барлық үдерістердің реттелуіне қарай Hyundai Accent көлігінің өндіріс көлемін біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,– деп атап өтті Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюциясының директоры Денис Коломацкий.

Қазіргі таңда Алматы Индустриалдық аймағында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan Hyundai көліктерінің тоғыз моделін – Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon көліктерін шығарады.

slider_206
slider_207
slider_208
slider_209
slider_210
slider_211
slider_212
slider_213
slider_214
slider_215
slider_216
slider_217
slider_218
slider_219
slider_220
 

Анықтама телефоны – 7007, тәулік бойы істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығы.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.