kz ru en

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МУЛЬТИБРЕНДТІ АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУҒА РҰҚСАТ БЕРДІ


МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МУЛЬТИБРЕНДТІ АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУҒА РҰҚСАТ БЕРДІ

«Астана Моторс» Алматының Индустриялық аймағында қытайлық Chery, Haval және Changan автогиганттарының автомобильдерін өндіруге арналған толық циклді мультибрендті зауыт салуға кірісті.

 «Астана Моторс» Алматының Индустриялық аймағында қытайлық Chery, Haval және Changan автогиганттарының автомобильдерін өндіруге арналған толық циклді мультибрендті зауыт салуға кірісті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ресми сапары аясында кәсіпорынның құрылысын бастауға рұқсат берді.

Зауыт құрылысын іске қосу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев; «Астана Моторс» Басқарма Төрағасы Нұрлан Смағұлов; «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын!» – деді Президент.

slider_182
slider_183
slider_184
slider_185
slider_186
slider_187
slider_188
 

Мультибрендті зауыттың өндірістік қуаты – жылына 90 мың бірлік. Кәсіпорындағы автомобильдердің барлық көлемі тек шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ түйінді әдіспен шығарылатын болады.

Өндірілген автокөліктердің жалпы көлемінің 40%-ын «Астана Моторс» отандық нарыққа, 60%-ын – ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

«Астана Моторс» компаниясы адами капиталды дамытуға басты назар аударады және машина жасау саласында білікті кадрларды тәрбиелейді.

«Мультибрендті зауытта 2 200 жұмыс орны құрылады. Ұжымның негізгі тірегі – инженерлік-техникалық мамандықтардың мамандары, олар жетекші автоконцерндердің тәжірибесін қабылдап, Қазақстанда технологияларды дамытатын болады. Біз Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының стандарттары бойынша өндірісті ұйымдастыруға 100 млрд. теңге инвестициялаймыз. Біздің жаһандық мақсатымыз – Алматының Индустриялық аймағында технопарк салу, компоненттерді өндіріп, оларды кәсіпорындарымыздың желісіне жеткізетін шағын және орта бизнеске арналған кластер құру», – деп атап өтті «Астана Моторс» Басқарма Төрағасы Нұрлан Смағұлов.

slider_189
slider_190
 

«Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев, өз кезегінде, келесіні атап өтті: «жаңа кәсіпорын Chery, Haval және Changan брендтерінің тоғыз моделін өмірлік циклінің басында – буын ауысқан кезде немесе толық рестайлинг кезінде шығарады, яғни модельдердің әлемдік нарыққа шығуына қарай олардың өндірісін игереді». Атап айтқанда, әңгіме Chery Tiggo 2 PRO, Chery Tiggo 4 PRO, Chery Tiggo 7 PRO; Haval Jolion, Haval Н6, Haval M6 Plus; Changan CS35, Changan CS55 және Changan CS75 сияқты модельдер жайлы болып тұр.

Мультибрендті зауыттың құрылысын аяқтаудың жоспарланған күні – 2024 жылғы IV тоқсан. 2025 жылдың I тоқсанында автомобильдердің пилоттық өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Лицензиялық келісім бойынша автомобиль шығаратын кәсіпорын «Астана Моторс» компаниясының 100% меншігінде.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» компаниясы жергіліктендіруді кезең-кезеңімен тереңдетіп келеді және ағымдағы жылы автокомпоненттер шығаратын зауыт салуға кіріседі. Алматының Индустриялық аймағында технопарк құру Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына, машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға серпін береді.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.