kz ru en

Астана Моторс «Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші» марапатына ие болды


Астана Моторс «Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші» марапатына ие болды

Қазақстан Үкіметі «Астана Моторс» компаниясын еліміздің ең ірі жұмыс беруші атағымен марапаттады. Марапат Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаевқа табысталды.

Қазақстан Үкіметі «Астана Моторс» компаниясын еліміздің ең ірі жұмыс беруші атағымен марапаттады. Марапат Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаевқа табысталды.

«Биыл «Астана Моторс» компаниясына 30 жыл. Осы жылдарда компанияда ондаған мың маман жұмыс істеді. Қазір компанияда 5 мың адам екі зауытта – Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Auto, Қазақстанның барлық өңіріндегі 13 дистрибуция мен 34 дилерлік орталықта, сондай-ақ іргелес қызмет түрлерімен айналысатын компанияларда қызмет атқарады. Осы жылы біз автокомпоненттер өндіретін зауыттар мен Сhery, Haval және Changan қытайлық автокөліктерін өндіретін мультибрендті зауыттың құрылысын бастаймыз, бұл жалпы алғанда тағы 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашады. Біздің қызметкерлеріміз әлеуметтік пакетпен, жайлы еңбек жағдайларымен, лайықты еңбекақымен, оқу және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген», – деді «Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев.

Айта кетсек, жақында елордада ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған жаһандық инвестициялар жөніндегі KGIR-2022 қазақстандық дөңгелек үстелі өтті.

Қатысушылардың арасында  500-ден астам жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар және пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялар мен отандық бизнес жетекшілері бар.

Әлемдік экономиканы дамыту, жаһандық әрі өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңа экономикалық ақиқат жағдайындағы логистика мәселелері талқыланды.

KGIR-2022 аясында «Астана Моторс» компаниясы Алматы әкімдігімен, халықаралық «Нордпласт» және Motrex компанияларымен автокомпоненттер зауытын салу туралы меморандумдарға қол қойды. Жобаға салынатын инвестициялар 15 млн долларды құрайды. Өндірістік жайлардың ауданы – 9 500 ш. метр. Кәсіпорында 175 жұмыс орны ашылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Мәліметті «Астана Моторс» компаниясы ұсынды.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.