kz ru en

Алматыдағы автокомпоненттер зауыттары: «Астана Моторс» әкімдікпен және халықаралық серіктестермен меморандумға қол қойды


Алматыдағы автокомпоненттер зауыттары: «Астана Моторс» әкімдікпен және халықаралық серіктестермен меморандумға қол қойды

Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында автокомпоненттер өндіретін зауыттар салу туралы үш меморандумға қол қойылды.

Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында автокомпоненттер өндіретін зауыттар салу туралы үш меморандумға қол қойылды.

Алматыда автокөлік орындықтарын өндіру жобасын іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі мен «Астана Моторс» компаниясы арасында қол қойылды.

Алматы қаласында автокөліктерге арналған резеңке және пластик бұйымдарды өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі, «Норпласт» және «Астана Моторс» компаниялары арасында қол қойылды.

Алматыда автокөліктерге арналған электрондық аудио-бейне жабдықтарды (мультимедиа жүйелерін) өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі, оңтүстік кореялық Motrex компаниясы және қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы арасында қол қойылды.

«2022 жылдың төртінші тоқсанында «Астана Моторс» шетелде автокомпоненттер өндіру тәжірибесі бар Youngsan, Motrex, «Норпласт» шетелдік серіктестермен бірлесіп, Hyundai автокөліктеріне орындықтар, полиуретан кілемшелер, қанат қорғаныштар, кірқалқандар және мультимедиалық жүйелер шығаратын үш зауыттың құрылысын бастайды. Зауыттар Алматы қаласының индустриялық аймағында салынады», – деді «Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев.

Жобаға салынатын инвестиция 15 млн долларды құрайды. Өндірістік жайлардың ауданы – 9 500 ш. метр. Кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Айта кетсек, жақында елордада ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған жаһандық инвестициялар жөніндегі KGIR-2022 қазақстандық дөңгелек үстелі өтті.

Қатысушылардың арасында 500-ден астам жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар және пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялар мен отандық бизнес жетекшілері бар.

Әлемдік экономиканы дамыту, жаһандық әрі өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңа экономикалық ақиқат жағдайындағы логистика мәселелері талқыланды.

KGIR-2022 аясында кәсіпкерлер мен инвесторларды елімізді дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. «Астана Моторс» компаниясы Қазақстанның ең ірі жұмыс беруші марапатына ие болды.  


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.