kz ru en

АВСТРАЛИЯДА ТОП ЖАРҒАН ВЕЛОСПОРТШЫҒА АВТОКӨЛІК СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ


АВСТРАЛИЯДА ТОП ЖАРҒАН ВЕЛОСПОРТШЫҒА АВТОКӨЛІК СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Жақында ғана Австралияда өткен велоспорттан әлем чемпионатында топ жарған Евгений Федоров жаңа автокөлікке ие болды. Astana Motors компаниялар тобына кіретін Hyundai Trans Kazakhstan зауыты ел намысын абыроймен қорғаған велошабондозға осындай сыйлық жасады.

Жақында ғана Австралияда өткен велоспорттан әлем чемпионатында топ жарған Евгений Федоров жаңа автокөлікке ие болды. Astana Motors компаниялар тобына кіретін Hyundai Trans Kazakhstan зауыты ел намысын абыроймен қорғаған велошабондозға осындай сыйлық жасады. Темір тұлпардың кілтін Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов табыстады.

Евгений Федоров Қазақстан ұлттық құрамасының велошабандозы. Ол бұған дейін де талай жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген. Талдықорғандағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт мектебінің түлегі. 23 қыркүйек күні велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан медаль тақты.  Ондағы жарыс жолының ұзақтығы 170 шақырымға жуық.

slider_149
slider_150
slider_151
slider_152
 

Евгений Федоров, велоспорттан әлем чемпионы:
- Әрине маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысым шексіз. Менің Astana Kazakhstan Team командасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 2 жыл болды. Алдағы уақытта да бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Федерация басшылығы жетістігімді бағалап жатыр. «Астана Моторс» компаниясына маған жасаған сыйлығы үшін рахмет. Жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын.

Айта кетейік, Евгений Федоров 2012 жылы әлем чемпионы атанған Алексей Луценконың жеңісінен кейін араға 10 жыл салып әлем чемпионы жейдесін жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов жас спортышының талай биіктерді бағындыратынына сенім білдірді.

Нұрлан Смағұлов, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті:
- Біз әрине жеңімпазға қошеметімізді аямаймыз. Міне бүгін ол үйіне  Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шыққан Hyundai Elantra көлігін мініп қайтады. Оның ата-анасына, жаттықтырушысына да ризашылығымызды білдірдік. Евгенийдің болашағы зор. Біз одан тек қана жеңіс күтеміз.   

slider_147
slider_148
 

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan и cycling.kz
Дереккөз: 24.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.