kz ru en

Haval интеллектуалды кроссоверлері: бизнеске арналған smart-шешім


Haval интеллектуалды кроссоверлері: бизнеске арналған smart-шешім

Қазақстан нарығына 2021 жылы келген қытайлық HAVAL бренді жеке автокөлік жанкүйерлерінің де, ірі компаниялардың да арасында өз позициясын сенімді түрде жаулап алуда.

Қазақстан нарығына 2021 жылы келген қытайлық HAVAL бренді жеке автокөлік жанкүйерлерінің де, ірі компаниялардың да арасында өз позициясын сенімді түрде жаулап алуда.

Astana Motors Finance қаржылық лизинг шарты бойынша кезекті өтінішті мақұлдады: ҚР көшбасшы алкогольсіз сусын өндірушілерінің бірі «GALANZ bottlers» АҚ-ның қызметтік автопаркі Haval F7 интеллектуалды кроссоверлерімен толығады.

Haval F7 бірінші кезекте жоғары қауіпсіздік стандарттарының және жүргізушінің интеллектуалды көмекші жүйелерінің (автоматты түрде тұраққа кіру, 360 градустық айнала шолу камераларының жүйесі, интеллектуалды толық жетек және жол қиылыстарынан өткенде соқтығысулардың алдын алу жүйесі) арқасында әлемдік нарықты бағындыру жолын 2018 жылы бастады. Модельдің сыйымдылығы, сенімділігі, жолдардағы өткіштігі және брендтің кепілдік шарттары да жоғары деңгейде. Сондықтан Astana Motors Finance Haval автокөліктерін лизингке ұсынылатын көліктердің үздік бестігіне кіргізді.

«Біз серіктестеріміз Haval Almaty және Astana Motors Finance компанияларына қаржы лизингіне өтінішімізді тез қарастырғаны үшін де, компаниямыздың сұранымы мен талаптарына сәйкес автокөлікті дәл іріктеп бергені үшін де алғысымызды білдіреміз. Көліктер аймақтық директорларға арналып алынып жатыр, олардың әрқайсысы бірнеше облысқа қарайды, және олардың жұмысы үнемі жол жүрумен байланысты. Haval кроссоверлері мұндай жұмысқа әбден сай келеді», — деп мәміле бойынша өз пікірін білдірді «GALANZ bottlers» АҚ-ның коммерциялық директоры Арслан Жұмабаев.

Astana Motors Finance «Астана Моторс» компаниясында ұсынылатын автобрендтердің бүкіл желісіне қаржылық және операциялық лизинг қызметтерін көрсетеді, алайда бағасының, сапасы мен мәртебесінің арасында нәзік тепе-теңдік сақталып тұратын орташа бюджетті автокөліктерге көп көңіл бөледі. Сондықтан 2021 жылы Haval брендінің иесі қытайлық Great Wall Motor автоконцернімен жасалған шарт – жеке тұлғалардың тікелей сатып алуына да, Astana Motors Finance арқылы корпоративтік клиенттерге де қолжетімді автокөліктер ассортиментін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

«Haval автокөліктері Қазақстанда танымал бола бастады және автокөлік жанкүйерлерінің көбірек қызығушылығын тудыруда. Біз өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға тырысамыз, дилер орталықтарымызда ұсынылатын модельдер желісін кеңейтіп жатырмыз», – деп атап өтті Haval Motor Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаев.

Бүгінгі таңда лизинг – компанияға айналымдағы ақша қаражатын бөліп шығармауға мүмкіндік беретін, минималды бастапқы капитал салымын талап ететін автопаркті жаңартудың ең танымал және тиімді құралдарының бірі.

Арман Джапаков, Astana Motors Finance директоры: «Біз лизинг қызметтерінің нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істейміз, сондықтан жемісті ынтымақтастықтың көп нәрсеге байланысты екенін білеміз. Бұл – көрсетілетін қызметтердің сапасы, тұрақтылық, тиімді шарттар. Мысалы, «GALANZ bottlers» АҚ-мен жұмыс істеп келе жатқанымызға 10 жылдан асты, осы уақыт ішінде 50-ден аса техника бірлігіне қаржы лизингін қаржыландырдық, компания біздің ұсыныстарымызға 100% сенеді. Haval автокөліктерін алғаннан кейін бұл сенім көрсеткіші одан да жоғарылайды деп ойлаймын».

F7 моделінің және брендтің басқа да автокөліктерінің болашағы табысты болатынына Haval Motor Kazakhstan ресми дистрибьюторы да сенімді: Haval брендінің жол талғамайтын көліктер сатылымы бойынша Қытайдың өзінде де, ТМД елдерінде де көш бастап келе жатқанына 10 жылға таяды. Haval интеллектуалды кроссоверлері – бизнеске арналған нағыз дұрыс шешім!


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.