kz ru en

ТАМЫЗ АЙЫНДА ЫСТЫҚ БОЛДЫ: ТҰҒЫР ҮШІН ШАЙҚАС


ТАМЫЗ АЙЫНДА ЫСТЫҚ БОЛДЫ: ТҰҒЫР ҮШІН ШАЙҚАС

Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Ташкентте «Астана Моторс» алғашқы халықаралық спартакиадасының іріктеу турлары өтті.

Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Ташкентте «Астана Моторс» алғашқы халықаралық спартакиадасының іріктеу турлары өтті.

«Астана Моторс» құрамына кіретін барлық компанияның, Mycar.kz және MEGA СОО қызметкерлері арасындағы қалалық жарыс тамыз айында өтті: 13 күні – Нұр-Сұлтанда, 20 күні – Алматыда және 27 тамыз күні – Ташкентте. Үш жылдық үзіліс қатысушылардың спорттық дайындығына кері әсерін тигізбеді, ал жинақталған екпін күшті болды!

Пандемияға дейін «Астана Моторс» спартакиадасы жыл сайын, бірақ тек Алматыда өткізілетін. Осы жылы, компанияның 30 жылдығына орай, жарысты жай ғана ауқымдырақ етпей, халықаралық жарысқа айналдыру шешімі қабылданды! Спартакиаданың бірінші іріктеу туры Нұр-Сұлтанда өтті, мұнда астаналық командалармен қатар Өскеменнен, Қарағандыдан, Қостанайдан, Атыраудан келген қатысушылар жиналды, алматылық жарысқа Шымкенттің командалары қосылды, Ташкентте спорттық шайқаста Hyundai-дың өзбекстандық бөлімшелерінің қызметкерлерінен тұратын командалар кездесті.

Спартакиаданың ұраны күрделі – «Бірлік! Бәсекелестік! Ынтымақтастық!». Бірақ бір қарағанда ғана. «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, «біздің қызметкерлеріміз үшін бұл күнделікті уәждеуіш нұсқау. Біз компания ретінде біртұтаспыз, біз үздік көрсеткіштер үшін күресте адал бәсекелестікті бағалаймыз және қалыптасқан ұжымдарда да, белгілі бір ауқымды іс-шара уақытына бірігетін жұмыс топтарында да тамаша ынтымақтасамыз».

Спартакиаданың бағдарламасында командалық жарыстар болды – бұл мини-футбол, волейбол, чирлидинг және дартс, үстел теннисі, армрестлинг, шахмат чемпиондарына арналған жеке бағдарлама.

Бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған командалар мен ойыншыларға кубоктар, медальдар және ақшалай жүлделер берілді, бірақ «Астана Моторс» спартакиадасының 24 қыркүйек күні Ташкентте өтетін халықаралық финалына жеңімпаздар ғана барады. Айта кетсек, олар жеңіске жету үшін соңғы серпіліс жасау алдында тынымсыз, бірақ жұмысынан бос уақытта жаттығып жатыр!

slider_139
slider_140
slider_141
 

Біз іріктеу турларының жеңімпаздарын құттықтай отырып, оларға жеңіске жетуді – «Астана Моторс» спартакиадасының алтын медалін «тістеп» көруді тілейміз.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.