kz ru en

HYUNDAI BAYON: СПОРТ – БҰЛ ӘДЕМІ!


HYUNDAI BAYON: СПОРТ – БҰЛ ӘДЕМІ!

11 қыркүйек күні Алматының орталық стадионында әсерлі футболды жақсы көретіндер, қазақстандық жұлдыздардың жанкүйерлері мен сәнді Hyundai автокөліктерін ұнататындар бас қосты!

11 қыркүйек күні Алматының орталық стадионында әсерлі футболды жақсы көретіндер, қазақстандық жұлдыздардың жанкүйерлері мен сәнді Hyundai автокөліктерін ұнататындар бас қосты!

slider_122
slider_124
slider_123
 

Әншілердің, режиссерлер мен миллиондаған оқырманы бар блогерлердің қатысуымен өткен шоу-матч жаңа Hyundai Bayon моделінің таныстырылымына арналды және 17 мыңнан астам көрермен жинады.

Таныстырылым үшін спорттық форматтың таңдалуы да бекер емес. Hyundai Motor Company ресми автокөлік серіктесі және FIFA-ның ресми демеушісі ретінде 1999 жылдан бастап FIFA-мен бірге қызмет атқарып келеді. Bayon моделі орындалған дизайн Sensuous Sportiness – «сезімтал спорттылық» деп аталады. Сонымен қатар ықтимал клиенттердің арасында қараша айында Катарда өткізілетін футболдан әлем чемпионатына жолдама ойнатылады!

slider_125
slider_126
slider_127
slider_128
 

Алматы  Hyundai-чемпионаты өте керемет өтті! Футбол алаңына Серғазы Тоқтарбек (Сека), Бисариев Әділет, Нұрғали Сисинғалиев, Ғәділбек Жанай, Тәуекел Мүслім, Нұржан Керменбаев, Асет Қарабалин, Аян Бірбаев, Қуаныш Кемірқұлов, Әнуар Матжанов, Марғұлан Тұрсынов, Мырза Махамбет, Мұқасан Шахзадаев, Азамат Сыздықов, Әділжан Омаров, Азат Асанов, Daulet және Мақсат Сейдахмет шықты!

slider_132
slider_131
slider_133
 

Вувузелалар, тулар, көздің жауын алатын аквагрим – ұйымдастырушылар жанкүйерлерге арнап қолдаудың тиімді құралдарын дайындады. Әйтсе де ойыншылар да керемет көңіл күй сыйлады, футболды жақсы көретін, бірақ шоуға келгенде кәсіпқой жандар – «Алатау» мен «Картоп» командалары көрермендерді еріксіз баурады. Дәл жаңа Hyundai Bayon баурағандай!

Көлікті Hyundai Auto Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) директоры Денис Коломацкий таныстырды:

«Бұл Қазақстанда шығарып жатқан Hyundai желісіндегі 10-шы моделіміз. Hyundai Motor Company автокөлікті Еуропа нарығы үшін арнайы әзірлеген болатын. Біз Hyundai Bayon моделін Орталық Азия нарығында ұсыну: бейімдеу, сертификаттау, логистикасын пысықтау үшін көп жұмыс атқардық. Пилоттық партияны шығаруды біз Hyundai Motor Company делегациясының қолдауымен тамызда қолға алдық. Олар бізбен бірге процестерді жолға қойды, әр кезеңде, әр цехта процесті бақылап отырды, әр кезеңде сапасын тексерді, себебі сапа Hyundai Motor Company үшін бәрінен қымбат. Енді біз Қазақстанда бұл модельді ресми түрде жасап шығара аламыз, қазан айынан бастап жаппай өндіре бастаймыз».

slider_129
slider_130
 

Hyundai Bayon  моделінің техникалық ерекшеліктері туралы танымал автоблогер Тимур Мустафаев айтып өтті, ол Bayon-ның жұмсақ мінезіне, талғампаз сымбатына және «қамқорлықпен» техникалық жабдықталуына тоқталып, әсіресе SmartSense ақылды көмекшілер жүйесінің сөзсіз және бірінші орында қазақстандық нәзік жандылардың жүрегін жаулайтынын айтты!

Hyundai дилер орталықтарында Bayon-мен жақын танысып, тест-драйв жасап, алдын ала тапсырыс рәсімдей аласыз!

Bayon моделінің құрметіне өткізілген футбол шоуы матчтың ең белсенді әрі көзге түскен ойыншысын марапаттаумен аяқталды. «Астана Моторс» компаниясы «Алатау» командасының қақпашысы Мақсат Сейдахметті таңдады! Ол Катарда өтетін FIFA-2022-ге екі адамға арналған билеттерге ие болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.