kz ru en

ҚЫТАЙДАН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН: АЛМАТЫДА CHERY КЛИЕНТТЕРІ КҮНІ ӨТТІ


ҚЫТАЙДАН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН: АЛМАТЫДА CHERY КЛИЕНТТЕРІ КҮНІ ӨТТІ

Жаз маусымы аяқталса да, есте қаларлық жағымды сәттер баршылық. Әсіресе 30 тамызда бренд клиенттеріне арналған WITH CHERY WITH LOVE арнайы шарасы Chery жанкүйерлеріне жағымды әсер қалдырды.

Жаз маусымы аяқталса да, есте қаларлық жағымды сәттер баршылық. Әсіресе 30 тамызда бренд клиенттеріне арналған WITH CHERY WITH LOVE арнайы шарасы Chery жанкүйерлеріне жағымды әсер қалдырды. 

Жоғары технологиялы автокөліктер әлеміне қосылып үлгерген бренд Клиенттер күні жүзге тарта жанкүйердің басын қосты.

«Chery брендінің Қазақстан нарығына кіргеніне әлі бір жыл да толған жоқ – біздің сатылымдар өткен жылдың желтоқсанында басталған еді. Әйтсе де қазіргі көрсеткіштер өте қуантарлық. Біз Chery маркалы автокөліктер отандық автосүйер қауымның көңілінен шыққан қызықты жаңалық болғанын көріп отырмыз, – деп атап өтті Chery Kazakhstan Сатылым департаментінің директоры Ермек Жексембаев. – Қазақстандықтарға бұрынғыдан да жақынырақ болу үшін біз дилерлік желімізді кеңейтіп қана қоймай, клиенттерімізбен қарым-қатынастың ерекше атмосферасын құруды жоспарлап отырмыз. Оның бір мысалы – Клиенттер күні. Клиенттеріміздің қасынан табылу үшін, олармен шынайы кері байланыс орнату үшін, олардың неден үміттенгенін түсіну және көңіл күйін сезіну үшін Chery Kazakhstan мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізіп тұруды көздейді».

Шара ұйымдастырушылары мен қонақтар арасындағы ортақ мүдде демалыс күннің шырайын келтірді. Бұл күні әрбір қонақ таза ауада ойын-сауық шараларына қатысуға, Swissotel Wellness Resort аумағында таудың әдемі көрінісін тамашалап, өзен жағасында бой сергітуге мүмкіндік алды. Ал ARTиШОК театры әртістері ұсынған би қойылымы қонақтардың көңілінен шыққан жарқын көріністердің бірі болды.

«Көңіл күй тамаша, атмосфера да керемет. WCWL кешіне бізді отбасылық іс-шара деп шақырды, сондықтан жұбайым мен ұлымды ертіп келдім. Демалыс күнімізді жақсы өткіземіз деген үмітіміз толық ақталды, әсіресе ұтысқа сертификаттар қойылғанда ерекше толқыдық. Бәріңізге Chery автокөліктерін алуға кеңес беремін: өзім желтоқсан айында Tiggo 8 PRO көлігін алғаш сатып алғандардың бірі болдым, тіпті досымды да «жетіліктің» біреуін алуға көндірдім, – деп әсерімен бөлісті кешқонақтарының бірі Жарылқасым Жақаш.

Ал жазғы террассаға қойылған Tiggo 8 PRO модельдік нұсқасы қатысушылардың Chery автокөлігін жеке бағалап, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Экспрессивті дизайн мен технологиялық толықтырулар – Chery автокөлігінен табылатын артықшылықтардың бір қатары ғана. Ал сенімділік параметріне өндірушінің барлық автокөліктерге ұсынатын 5 жылдық немесе 150 мың км-ге дейінгі кепілдігі жауап береді.

«Chery Tiggo 8 PRO автокөлігін қолайлы функциялары үшін таңдадым. Осы автокөлік иесі ретінде өзіме бәрінен ұнайтын сипаттамалар ішінен қозғалыс кезінде жолақтан шықпау  қызметін, қала ішінде өте пайдалы функция – тұраққа қою кезіндегі 360° шолу камерасын және әсіресе үлкен отбасылы адамдар үшін тиімді салон кеңдігін атап өтемін», – деді Клиенттер күніне келген тағы бір қонақ Маргарита Каменщикова.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушыларына жасалған қолдау WITH CHERY WITH LOVE жобасының маңызды бөлігіне айналды. Жаңа оқу жылының қарсаңында бренд оқушыларға мектеп формасы мен құрал-жабдықтар сатып алуға көмек көрсетті. 

Chery елімізде тез танылған брендтің бірі – «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін ресми дистрибьютор бір жарым мыңнан аса автокөлік сатып үлгерген. Осылайша Chery шілде айында ең танымал автобрендтер рейтингінде алтыншы орынға табан тіреп, Renault, Nissan және Volkswagen маркаларын басып озды.

Бүгінге дейін Қазақстандағы дилерлік орталықтарда  Chery модельдер қатарынан Tiggo 4, Tiggo 8, сондай-ақ Tiggo 4 PRO, Tiggo 7 PRO және Tiggo 8 PRO. Кроссоверлері қолжетімді болатын. Қыркүйек айында көлік қатары Chery Tiggo 8 PRO MAX моделімен толығады деп күтілуде. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 10 млн-нан аса автокөлік иесі өз таңдауын Chery маркасының пайдасына жасаған. Өндірушінің автокөлік жасау ісіндегі жаңашылдық ұстанымы мен жаңа инновацияларды қолдану үрдісі брендке «технологияларға толы Chery» айдары тағылды.  Технологияларға қатысты мысалдар Қазақстанда да өзіндік  ерекшелікпен жалғасын тапты: қытай автокөліктерін сатып алу автоорталықтармен ғана шектелмейді, тамыз айынан бастап, оларды еліміздегі тұңғыш онлайн-дилер – Mycar.kz платформасында онлайн форматта сатып алуға болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.