kz ru en

Skills Grand Prix 2022: Toyota және Lexus дилер орталықтары қызметкерлерінің жеңісі


Skills Grand Prix 2022: Toyota және Lexus дилер орталықтары қызметкерлерінің жеңісі

Алматыда Skills Grand Prix 2022 жыл сайынғы конкурсы аяқталды. Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus дилер орталықтарының қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберлігін паш етті.

Алматыда Skills Grand Prix 2022 жыл сайынғы конкурсы аяқталды. Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus дилер орталықтарының қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберлігін паш етті.

Бұл конкурста автоорталықтардың мамандары өздерінің «күнделікті жұмысын» істейді, бірақ оны сарапшылар бағалайды. Осының бәрі адал бәсекелестік тудырады, персоналдың кәсіби сервиске деген ынтасын арттырады, жаңа шешімдер табуға және сервистің сапасын жақсартуға көмектеседі. Нәтижесінде бұл алдағы жұмысқа және клиенттерге қызмет көрсетуге жағымды әсерін тигізеді.

«Клиенттер қызметінің қызметкерлері» номинациясында 1-ші орынды «Астана Тойота орталығының» қызметкері Анара Саугабекова иеленді.
«Кеңесші-сатушылар» номинациясында 3-ші орынды Lexus Astana қызметкері Самат Кабденов иеленді.
«Сервистік кеңесшілер» номинациясында 3-ші орынды Lexus Astana қызметкері Эльмира Ахматуллина иеленді.

slider_54
slider_55
slider_56
 

Жеңімпаздар құнды жүлделерге ие болып, дилер орталықтарына ауыспалы чемпиондық кубоктар табысталды.

Мұндай конкурстар не үшін керек? Жеңіске жету үшін не керек? Бұл туралы жеңімпаздарымыз баяндап береді.

Бастысы – кез келген жағдайда сабырлық сақтау

Анара Саугабекова «Астана Тойота орталығының» клиенттерді қолдау қызметін 2018 жылдан бері басқарып келеді, «Астана Моторс» компаниясында 2016 жылдың маусымынан бастап жұмыс істейді. Оның конкурсқа қатысуы дебют болды.

Конкурс төртінші рет өткізіліп жатыр. Осы жылы клиенттер қызметі мамандарының сайысы тұңғыш рет өткізілді. Конкурс екі кезеңнен тұрды – іріктеу туры онлайн-форматта өтті (финалға 23 дилер орталығының алтауы ғана шықты). Конкурстың финалдық бөлігі Алматыда, «Тойота Мотор Қазақстан» оқу орталығының аумағында өтті.

Финал алты тапсырманы қамтыды – ауызша өтініштер, телефон арқылы жасалған өтініштер, күрделі өтініштер, сату жөніндегі кеңесшімен бірге жаңа автокөлікті беру процесі, клиенттердің қанағаттанушылық көрсеткіштері бойынша талдамалық жұмыс, түрлі өтінімдер. Олардың арасында маман кәсіби дағдыларын барынша дұрыс көрсетуі керек болған мүлдем күтпеген жағдайлар да болды.

«Барлық тапсырманың ішінде есте қаларлық және қызықты жағдай «автокөліктің өздігінен жануы» болды». Ұйымдастырушылар өзінің наразылығын, ашуын және дилер орталығына қоятын қатаң талаптарын өте эмоционалды білдірген актерді шақырды. Мен сабырлық сақтауға, клиенттің сезімдерін барынша қадірлей отырып, оның талаптарына қатысты теріс жауапты айтуға тырыстым. Клиенттердің өтініштерімен күн сайынғы жұмыс тәжірибем, сату және сервис департаментіндегі әріптестерімнің тәжірибесі, сондай-ақ клиентке бағдарланған және бейілді компания ретіндегі «Астана Моторс» компаниясының жоғары стандарттары, сондай-ақ Toyota дүниежүзілік жоғары стандарттары конкурстың барлық тапсырмасын табысты орындауыма көмектесті», – деді Анара Саугабекова.

Импровизация мен тапқырлық

Самат Кабденов – жаңа автокөліктерді сату жөніндегі кеңесші. Lexus Astana автоорталығында 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.

Онлайн өткізілген іріктеу кезеңіне 21 үміткер қатысты. Самат үздік қызметкерлердің алтылығын бастады.

Екіншісі практикалық кезең болды және ол Алматыда өтті. Қатысушыларға алты тапсырманы орындау керек болды: автокөлікті таныстыру, жүйелерді баптау, кіріс және шығыс телефон қоңырауларымен жұмыс істеу, қосымша жабдықтау, автокөлікті беру.

«Әр тапсырманың өзіндік қиыншылығы болды. Әр тапсырмада кәсіпқой актерлер ойнап, күрделі және әдеттен тыс жағдайлар тудырды. Жұмыста тап болып көрмеген күйзеліс сәттері болды, импровизациялауыма тура келді. Конкурстан алған жалпы әсерім өте жақсы – дағдыларымды көрсетіп, жаңа білімді игеріп, қызықты адамдармен кездесе алдым», – деп бөлісті Самат Кабденов.

Жұмысқа деген ықылас

Сервистік кеңесші Эльмира Ахматуллина Lexus Astana автоорталығында 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Қойма меңгерушісі лауазымынан бастаған.

«Конкурстан жағымды әсер алдым, бәрі барынша шындыққа негізделген болды, сондықтан қиыншылықтар болған жоқ. Маған жұмысқа деген ықыласым мен әріптестерімнің қолдауы көмектесті», – деп атап өтті Ахматуллина.

Барлық қызметкерімізге жаңа жеңістерге жетуді және клиенттердің разы болуын тілейміз.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.