kz ru en

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚЫТАЙ АВТОКӨЛІКТЕРІН ТАҢДАЙДЫ: CHERY ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІНІ КЕҢЕЙТЕДІ


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚЫТАЙ АВТОКӨЛІКТЕРІН ТАҢДАЙДЫ: CHERY ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІНІ КЕҢЕЙТЕДІ

Кроссоверлердің қолжетімді бағасы, автокөліктердің жоғары сапасы мен салондарда бар болуы қытай автокөліктерінің артықшылығына айналып барады. Chery дилер орталықтарының желісі таяуда бүкіл Қазақстанды қамтиды, деп хабарлайды «Астана Моторс» құрамындағы First Motor Group ресми дистрибьюторы.

Кроссоверлердің қолжетімді бағасы, автокөліктердің жоғары сапасы мен салондарда бар болуы қытай автокөліктерінің артықшылығына айналып барады. Chery дилер орталықтарының желісі таяуда бүкіл Қазақстанды қамтиды, деп хабарлайды «Астана Моторс» құрамындағы First Motor Group ресми дистрибьюторы.

10 желтоқсаннан бастап ресми дилер орталықтарында Chery автокөліктерінің сатылуы басталды. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша наурыз айына қарай олар елдегі ең танымал үздік 15 брендтің қатарына кірді. Жыл басынан бері автокөліктер сатылымының ай сайынғы орташа өсімі қаңтар мен наурыз аралығында айдан айға 104%-ды құрады.

Дилер орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай қалаларында жұмыс істейді, ал наурыз айында олар Шымкент пен Оралда ашылды. Сәуір және мамыр айларында тағы үшеуі Ақтөбеде, Қарағандыда және Ақтауда пайда болмақ. Дилерлік желіні 17 орталыққа дейін кеңейтіп, 2023 жылы Қазақстанның барлық өңірін қамту жоспарланған.

«Chery бренді пайда болғанда, біз сатып алушылардың қызығушылығын болжағанбыз, іс жүзінде ол күткенімізден асып түсті. Chery автокөліктері әрқашан салондарда бар. Жай ғана келіп, таңдап, сатып алуға болады. Күн сайын бізге автокөлік сатып алғысы келетін өңір тұрғындарынан көптеген қоңыраулар келіп түседі. Біздің мақсат – клиенттердің сұранысын қанағаттандыру, сондықтан жақын арада дилер орталықтары Қазақстанның барлық ірі қаласында пайда болады», – дейді First Motor Group директоры Нұрлан Шамгонов.

Айта кетейік, «Астана Моторс» құрамындағы First Motor Group дистрибьюторы – Chery брендінің Қазақстандағы ресми өкілі. Өткен жылдың қыркүйегінде «Астана Моторс» пен Chery Automobile Co., Ltd дистрибьюторлық келісімге қол қойды.

Қазақстанда Chery брендінің қай модельдері кең танылған?

Қазақстандықтар көбінесе Tiggo 7 PRO кроссоверін таңдайды. Бағасы Premium жиынтықтамасында – 12,2 млн теңгеден, және Luxury жиынтықтамасында 12,8 млн теңгеден басталады.

Сондай-ақ салондарда Tiggo 4 (7,9 млн теңгеден бастап), Tiggo 8 (12,5 млн теңгеден бастап) және Tiggo 8 Pro (13,9 млн теңгеден бастап) кроссоверлерін сатып алуға болады.


«Инновациялық әзірлемелердің, кең техникалық мүмкіндіктердің, жақсы ойластырылған опциялар тізбегінің, дизайнерлік шешімдердің және баға мен сапа арасындағы оңтайлы арақатынастың арқасында Chery Қытайдың 10 үздік брендінің қатарына кіреді. Қазақстандағы клиенттеріміз осы артықшылықтарды бағалап қойды», – деді Нұрлан Шамгонов, First Motor Company директоры.

Бағалармен және жиынтықтамамен chery.kz ресми сайтында танысуға болады. «Астана Моторс» компаниясының тәулік бойғы байланыс орталығы – 7007.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.