Қытай автокөліктерінің мультибрендті зауыты_desktop Қытай автокөліктерінің мультибрендті зауыты_tablet Қытай автокөліктерінің мультибрендті зауыты_mobile

Қытай автокөліктерінің мультибрендті зауыты

Жеңіл автокөліктер
Алматы қ., «Индустриалдық аймақ – Алматы»
«Астана Моторс» Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда қытай брендтерінің автокөліктерін өндіру құқығын растайтын меморандумдарға қол қойды.
Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен меморандумдар
«Астана Моторс» Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда қытай брендтерінің автокөліктерін өндіру құқығын растайтын меморандумдарға қол қойды.

Ал 2022 жылдың қарашасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын құрылысын бастап берді.
Мультибрендті зауыт
Мультибрендті зауыт

Зауытқа жоғары технологиялық жабдықты әлемдік көшбасшы Automotive Engineering Corporation жеткізеді –– бұл қытай корпорациясы нарықта 60 жылдан аса істеп келеді және осы уақыт ішінде әлем бойынша 30 мыңнан аса өндірістік жобаны жүзеге асырды.

Мультибрендті зауыттың өндірістік қуаттары – жылына 90 мың бірлік. Автокөліктердің бүкіл көлемін кәсіпорында шанақты дәнекерлеу және бояу болатын шағынторапты әдіспен ғана өндіретін болады. «Астана Моторс» өндірілген көліктердің бүкіл көлемінің 40%-ын отандық нарыққа, ал 60%-ын ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Жаңа кәсіпорын мына брендтердің тоғыз моделін шығаратын болады:

  • Chery: Tiggo 2 Pro, Tiggo 4 Pro, Tiggo 7 Pro
  • Haval: M6, Jolion, H6
  • Changan: Alsvin, CS35, CS55

Мультибрендті зауытта үш мың жұмыс орны пайда болады. Ұжымның негізгі ұйытқысы – инженерлік-техникалық мамандықтардың мамандары жетекші автоконцерндердің тәжірибесін қабылдап, Қазақстанда технологияларды дамытатын болады.

«Астана Моторс» Қытай автоөнеркәсібі көшбасшыларының стандарттары бойынша өндірісті ұйымдастыруға 115 млрд теңге инвестициялайды.

Олардың 20% – меншікті қаражат болса, 80% – коммерциялық негіздегі қарыз қаражаты. Кәсіпорын лицензиялық келісімдер бойынша автокөліктер өндірісі бар «Астана Моторс» компаниясының 100% меншігінде.

Мультибрендті зауыттың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отырған уақыт – 2024 жылдың IV тоқсаны. 2025 жылдың I тоқсанында автокөліктер өндірісін пилоттық іске қосу жоспарланып отыр.
Өндіріске инвестиция
Алматының индустриалдық аймағындағы мультибрендті зауыттың құрылыс алаңы.