БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы Алматыда "Көлікке пәтер" trade-in (сауда) бағдарламасын іске қосты. Жоба аясында қазақстандықтарға автокөлікті жылжымайтын мүлікке айырбастау арқылы, яғни кез-келген Rams Qazaqstan тұрғын үй кешенінен пәтер, кеңсе немесе коммерциялық алаңды сатып алуға болады.

Бағдарлама авторы клиенттерге шағын салым салып, Rams Qazaqstan құрылыс компаниясының кез-келген тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті таңдауға мүмкіндік береді. Содан кейін көлікті алдын-ала бағалауға беріп, 30 минут ішінде автомобильдің шамамен құны қанша болатындығы туралы ақпарат алу керек.  Егер сатушы алдын-ала есептелген бағаға разы болса, онда 1,5 сағат ішінде машинаның толық техникалық құны тексеріледі. Ең соңында клиент қорытынды бағамен келіссе, құрылыс салушымен алдын-ала сату шартын жасайды. 

Қалған соманы кез-келген әдіспен төлеуге болады - 100% төлем, бөліп төлеу, ипотека, trade-in (ескі пәтерді жаңасына ауыстыру) немесе барлық ұсыныстарды біріктіру.   

Автокөліктің алдын-ала және толық техникалық бағасы "Астана Моторс" компаниясының Алматы қаласындағы дилерлік орталықтарында анықталады. Бағдарламаға қатысатын дилерлік орталықтардың тізімін тәулік бойғы байланыс орталығында 7007 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады.

Айта кетейік жобаға жүк көліктері мен арнайы техника қабылданбайды, сонымен қатар машина Қазақстан Республикасында тіркелген болуы керек.

Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға жаңа ұсыныс ұнайды деген үмітте, себебі, отандастарымыз көлікті сату кезінде уақыт пен күшін үнемдеп ғана қоймай, баспаналы болуға тағы бір мүмкіндік алды. 

"Көлікке пәтер" бағдарламасы туралы толық ақпаратты cartohome.kz сайтынан  алуға болады.

tengrinews.kz