Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мен ҚазҰУ меморандумға қол қойды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-мен меморандумға қол қойды.
Жүздесуде сөз алған ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Еркінбаева ЖОО-ның қызметі мен жетістіктері туралы айтып берді.
Бүгінде ҚазҰУ әлемнің 620 жетекші университетімен және танымал компаниялармен ынтымақтасады. Мұндай ғылыми-білім беру ынтымақтастығы жаңа білім мен дағдыларды игеруге және тәжірибе алмасуға ашылатын зор мүмкіндік. Биыл ҚазҰУ-ға 10 мыңнан астам студент, магистрант және докторанттар түсті. Бұл жетекші жоғары оқу орнында білім алудың танымалдығы мен сұранысын айқындайды.
Жалпы, университетте 25 мыңнан астам студент білім алады және ЖОО-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. Білім ордасының филиалдары Ыстамбұл (Түркия) және Бішкек (Қырғызстан) қалаларында ашылды. Сондай-ақ ҚазҰУ базасында Ресей МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде.
«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ЖОО мен компания арасындағы өзара біріккен іс-шаралар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл серіктестік бірлескен жобаларды әзірлеуге, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ студенттерге оқу бітіргеннен кейін компанияда тағылымдамадан өтуге немесе жұмысқа орналасуға да мүмкіндік беріледі. Біздің ынтымақтастығымыз өңірде білім, ғылым және индустрияны дамытуға ықпал ететін болады».Біз өзара табысты ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді проректор Ләззат Еркінбаева.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны, Chery, Haval және Changan қытай брендтерінің жеңіл автокөліктері өндірісінің толық циклін жүзеге асыратын зауыт. Өндірістік қуаты — жылына 90 мың автокөлік.
«Мультибрендті зауытта 2600-ден астам жұмыс орны құрылады. Негізгі штатты инженерлік-техникалық кәсіптер мамандары құрайды, олар жетекші автоконцерндердің тәжірибесін қабылдап, Қазақстанда технологияларды дамытатын болады», – деді Astana Motors Manufacturing Kazakhstan директоры Максим Тарасов.
Жүздесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту, бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін өндірістік тәжірибе мен ғылыми зерттеу тәжірибелерін жан-жақты талқылады.
Дереккөз: https://farabi.university