қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    

ІЗДЕУ        
Автоорталықтар \ Toyota
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   TOYOTA АЛМАТЫ          www.toyota-almaty.kz

Toyota Center Almaty – Қазақстандағы Toyota автомобильдерінің ресми дилері. 1995 жылы Toyota Center Almaty компаниясы «Toyota Motor Corporation» корпорациясының Қазақстандағы тұңғыш уәкілетті сервистік станциясы деген мәртебеге ие болды және сол кезден бері ТМД аумағындағы Toyota-TASS уәкілетті техникалық қызмет көрсету станциялары желісінің толық құқылы мүшесі болып табылады.

 АВТОСАЛОН 

Бүкіл дүние жүзінде «Toyota» сөзі «сапа» деген сөзбен байланыстырылады. Қазақстанда бұл ұғымға «бедел» деген сөзді де қосуға болады. Ресми дилер ретінде, Toyota Center Almaty компаниясы "Toyota Motor Corporation" корпорациясының барлық әлемдік стандарттарына сай келеді және Қазақстандағы «Toyota» автомобильдерін иеленушілердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға ұмтылады. Автосалонда кең шоурум бар, онда жапон автомобильдері үлгілерінің толық қатары көрсетілген. Білікті менеджерлер Сізге автомобильдің қалаған үлгісін таңдап алуыңызға көмектеседі. Сонымен қатар, Астанада уақытша Toyota автоорталығы ашылды, ал жақын арада тұңғыш ресми «Toyota Center Astana» автоорталығы тұрғызылады және ол да Toyota Motor Corporation компаниясының барлық стандарттарына сай келетін болады .

 АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ 

Барлық Toyota автомобильдері тек Жапонияда шығарылған, және олар ТМД елдеріндегі пайдалану жағдайларына бейімделген. Автомобильдердің барлығына 3 жыл мерзімге немесе 100 мың км жол жүруіне кепілдік беріледі. Қажетті үлгіні тікелей салоннан таңдауға немесе қоймадан тапсырыс беріп алдыруға болады.

 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  

Сервис орталығы немістің «Nussbaum» фирмасының қазіргі заманға сай көтергіштері бар 24 постпен жарақталған, сондай-ақ 2 компьютерлік геометрия стенді, 2 шина құрастыру және 2 баланстау посты, тікенектеу станогы, тежегіш дискілерді кеулеп-жонуға арналған (бөлшектеместен) құрылғы бар. Сіздің автомобиліңізге қызмет көрсетумен біліктілігі жоғары, «Toyota» автомобильдеріне қызмет көрсету саласындағы ең соңғы технологиялық жетістіктерді меңгерген, Жапония, Германия, Ресейдің оқу орталықтарында үнемі дәріс алатын механиктер шұғылданады. Сондай-ақ өзіміздің оқу бөлмеміз бар, онда техникалық және сауда жүргізуші қызметкерлермен дәйекті түрде сабақ өткізіліп тұрады. Сервис орталығында Сіздің автомобиліңізге білікті әрі жылдам қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ Toyota автомобильдерін иеленушілердің сапалы қызмет көрсетуге қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыратын, жетекші өндіруші фирмалардың арнайы жабдығы қолданылады. Сіздің автомобиліңізге қызмет көрсету үшін фирмалық қосалқы бөлшектер пайдаланылады. Қосалқы бөлшектердің барлығына өндірушінің кепілдігі беріледі.

 КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР  
  • жүйелердің компьютерлік диагностикасы;
  • бүрку жүйесін тазалау және білтелерді ауыстыру;
  • электрлік жабдықты жөндеу;
  • қозғалтқышты жөндеу және лайықтау;
  • қозғалтқыштың блоктарын (соның ішінде V-тәріздес) кеулеп-жону;
  • иінді біліктерді ажарлау;
  • шанақ жұмыстары;
  • автомобильдерді бояу;
  • механикалық беріліс қорабын жөндеу;
  • автоматты беріліс қорабын жөндеу;
  • агрегаттарды (тарату қораптары, редукторлар) жөндеу;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • доңғалақтардың компьютерлік геометриясы;
  • керек-жарақтарды орнату;
  • доңғалақтарды тікенектеу және басқа жұмыстар.

  ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР 

Жапониялық автомобиль компаниясы 1935 жылы тоқыма станоктарын шығарумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде ұйымдастырылған болатын. Оның басшысы, компанияның иесі Сакичи Тойоданың үлкен ұлы Киичиро Тойода американдық үлгідегі автомобильдерді шығара бастады. Оның шамалы өзгерген тегі фирманың саудалық белгісіне айналды. Тұңғыш толық жетекті жол таңдамайтын Toyota автомобилі 1951 жылғы 1 тамызда шығарылды да, оның BJ деген индексі болды. 1954 жылы ол аңызға айналған Land Cruiser атауына ие болды. 1962 жылы Жапонияның зауыттарында тарихтағы миллионыншы Toyota автомобилі шығарылды. Toyota дилерлерінің желісі белсенді түрде дами бастайды: Toyota автомобильдері Оңтүстік Африкадағы Toyota South Africa Motors (Pty.), Ltd. зауытында шығарыла бастайды. Таиландта Toyota Motor Thailand Co., Ltd. (TMT) компаниясының негізі қаланды. 1999 жылы Жапонияда 100 миллионыншы Toyota автомобилі шығарылды.

 БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ 

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 151
Телефондар: +7 (727) 250-60-06, 297-96-10, 297-96-11
Факс: +7 (727) 297-96-15
E-mail: infotoyota-almaty.kz   Web-site: www.toyota-almaty.kz


















ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх