қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    


ІЗДЕУ        
Автоорталықтар \ Subaru
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   SUBARU                               www.subaru.kz

2001 жылдың жазында, Fuji Heavy Industries компаниясымен табысты жүргізілген келіссөздерден кейін «Астана Моторс» ҚМК Subaru автомобильдерін Қазақстан Республикасына импортқа әкелуге айрықша құқық алды. 2004 жылдан бастап компания Қазақстандағы Subaru компаниясының айрықша дистрибьюторы деп жарияланды.

 АВТОСАЛОН 

2002 жылы тұрғызылған жаңа Subaru Motor Kazakhstan автоорталығы Subaru «жұлдыздарының» мекеніне айналып, оның жарық та кең шоурумында осы маркалы автомобиль үлгілерінің бүкіл қатары орналастырылды. Осы күнге дейін ол Қазақстандағы Subaru компаниясының қазіргі заманға сай ең үздік уәкілетті станциясы болып қалуда. Subaru Motor Kazakhstan автоорталығына келушілер автосалонда көрмеге қойылған кез келген үлгіні таңдай алады.

 АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ  

«Subaru» маркалы автомобильдер тамаша сенімділігімен және іске пайдаланудағы қарапайымдығымен ерекшеленетін бірегей толық жетекті жүйесінің арқасында қазақстандықтардың арасында танымал болып үлгерді. Автосалонда көрмеге қойылған Impreza, Legacy, Outback, Forester және Tribeca үлгілері Жапониядағы Subaru компаниясының зауыттарында шығарылады да, Қазақстанның өзіне ғана тән климаттық жағдайларында іске пайдалану үшін бейімделеді, сондай-ақ жергілікті жол жағдайлары мен отын жағдайларына да бейімделген. Сатылатын автомобильдердің барлығына бүкіл ҚР аумағында 3 жыл мерзімге немесе 100 мың км жол жүруіне Subaru Motor Kazakhstan компаниясының кепілдігі беріледі. Автоорталық автомобильдерді сатудың барлық түрлерін, соның ішінде несиеге және лизингке сатуды жүзеге асырады.

 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  

Subaru Motor Kazakhstan компаниясының сервистік аймағы қазіргі заманға сай диагностикалық және жөндеу жабдығымен жарақталған, оны FHI компаниясы құптаған және автосервис саласындағы әлемдік деңгейдің стандарттарына сай келеді. Автоорталық автомобильдерге көрсетілетін қызметтердің толық ауқымын қамтамасыз ете алады, бұл автомобильдерге мезгіл-мезгіл қызмет көрсетуден күрделі жөндеу жүргізуге дейін, соның ішінде шанақтық және сырлау жұмыстарын қамтиды. Сервистік орталық тек Subaru компаниясының Жапониядан, АҚШ пен Европадан жеткізілген, өндіруші зауыттың кепілдігін алған түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен және керек-жарақтарымен ғана жұмыс істейді. Жұмыс істей бастаған алғашқы күннен бастап автоорталық клиенттерге жай ғана сервистен асып түсетін, автомобильді сапалы әрі ақылға қонымда бағамен жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге болатын жағдайлар жасауға тырысып келеді. Авторталықтың механиктері жапон автомобильдерін жөндеуге маманданған, олар сондай-ақ Жапониядағы «Subaru» компаниясының оқу орталығында арнайы машықтану және біліктілігін жоғарылату курсын оқиды.

 КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР  
    жүйелердің компьютерлік диагностикасы;
  • бүрку жүйесін тазалау және шырақтарды ауыстыру;
  • электрлік жабдықты жөндеу;
  • қозғалтқышты жөндеу және лайықтау;
  • қозғалтқыштың блоктарын (соның ішінде V-тәріздес) кеулеп-жону;
  • иінді біліктерді ажарлау;
  • шанақтық жұмыстар және автомобильдерді сырлау;
  • механикалық беріліс қораптарын жөндеу;
  • автоматты беріліс қораптарын жөндеу;
  • агрегаттарды (тарату қораптары, редукторлар) жөндеу;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • доңғалақтардың алшақтауын/жақындауын компьютер арқылы реттеу, Қазақстандағы бірегей бірден бір компьютерлік диагностикалық «Subaru» жабдығы – электрондық жүйелер сканері.

 ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  

2007 жылы Fuji Heavy Industries Ltd. концерніне 90 жыл толды. 1917 жылы авиацияның жас ынтагері, инженер Чикухи Накаджима Накагама қаласында шағын авиациялық зерттеу зертханасын ашып, ол 30-шы жылдардың бас кезінде Nakajima Aircraft авиақұрылыс компаниясына айналды. Тек 1953 жылы ғана соғыстан кейін аман қалған бес ірі кәсіпорынды біріктірген, қазір аты мәлім FHI концерні пайда болды. 1958 жылы корпорацияның бөлімшелерінің бірі тұңғыш Subaru автомобилін – 360-шы үлгісін шығарды. Subaru – бұл Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар шоғырының атауы. Жапон тілінде Subaru «басқару», «бірге жинау» дегенді білдіреді. 1972 жылғы шілде айында Subaru өндіріске екі үлгіні – алдыңғы жетекті Subaru Leone 1400 FD және толық жетекті Subaru Leone 1400 4WD үлгілерін қосты. Бұл оқиға осындай маркалы автомобильдер тарихындағы атаулы меже болды. 80-ші жылдардың орта тұсына қарай Subaru компаниясының жыл сайынғы өндіріс деңгейі 250 000 автомобильге жуықтады, оның 53%-ы экспортқа шығарылатын. 1989 жылдан бастап аты аңызға айналған Subaru үлгілері шығарыла бастады да, қазіргі уақытқа дейін осы жапониялық компания концепциялары нақты автомобильдерге айналып отыратын жаңа әзірленімдермен әлемді таңғалдырып келеді.

 БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ  

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Түлкібас көшесі, 2
Тел.: +7 (727) 383-18-83, 2714-922
Факс: +7 (727) 271-49-24
E-mail: infosubaru.kz   Web-site: www.subaru.kz














ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх