қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    


ІЗДЕУ        
Компания туралы \ Автоспорт
 
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   АВТОСПОРТ

«Subaru» төтенше айдау мектебі

«Астана Моторс» компаниясының қызметінің басым бағыттарының бірі – автомобиль спортына қолдау көрсету. Компания жоғары жылдамдықпен мәнерлеп айдау және автокөпсайыс бойынша жарыстарды үнемі ұйымдастырып отырады, «Астана Моторс қыр бөрілері» командасы республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып жүр.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының спорт шебері, қатысушы пилот әрі жаттықтырушы Владимир Бородинның басшылығымен «Subaru Kazakhstan» компаниясының базасында Төтенше айдау мектебі жұмыс істейді.

Тілек білдірушілердің барлығы жиырма жылдық спорттық тәжірибесі бар осы спортшының авторлық бағдарламасы бойынша құрылған төтенше жағдайларда айдау бойынша арнайы оқу курсынан өте алады. «Subaru» төтенше айдау мектебінде ең алдымен психологиялық қиыншылықтарды жеңуге, атап айтқанда:
  • өзінің автомобиль жүргізудегі мүмкіншіліктерін танып-білуге;
  • сыни немесе төтенше жағдайда автомобильдің мінез-құлқын болжауға;
  • төтенше жағдайларға тән теріс эмоцияларын жеңуге;
  • дұрыс жүргізу машықтарын қалыптастырып, автоматты машықтарға дейін жеткізуге;
  • автомобильді тайғақ жол, жауын-шашын, шаң-тозаң, тұман және т.б. жағдайларда жүргізуге үйретеді.
Subaru төтенше айдау мектебіне мына телефон бойынша қоңырау шалуға болады:
+7 (727) 383-18-83, 2714-922
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх