қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    


ІЗДЕУ        
Автоорталықтар \ Nissan
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   NISSAN                         nissan.a-motors.kz

2006 жылғы 26 маусымда «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін «А-Моторс» компаниясы Nissan автомобильдерін өндірушінің Ресейдегі өкілдігі – «Нисан Мотор Рус» компаниясымен дилерлік келісімге қол қойды. Осы сәттен бастап «А-Моторс» компаниясы Қазақстандағы Nissan концернінің бірден бір ресми дилері болып табылады.

 АВТОСАЛОН 

Nissan автомобильдерін сату 2006 жылғы қыркүйекте «А-Моторс» компаниясының уақытша салонында басталды, ал 2008 жылғы қаңтарда Nissan Motor Co. концернінің корпоративтік талаптарына сай келетін қазіргі заманғы жаңа Nissan автосалоны ашылды. Жаңа автоорталықтың ашылуы клиенттерге жаңадан ыңғайлы да сапалы қызмет көрсету есебінен жапон концернінің автомобильдерінің бұрынғыдан да көп сатылуына ықпалдасты.

 АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ  

«А-Моторс» қазақстандықтарға кең ауқымды үлгілік қатарды ұсынады: ең жаңа Qashqai, Teana, Almera Classic, Tiida, Note және Micra үлгілері, жаңартылған Pathfinder, Patrol, жаңа X-Trail мен Murano. Nissan автомобильдерінің барлығы Қазақстанда іске пайдалану жағдайларына бейімделген. Кез келген автомобильге 3 жыл мерзімге немесе 100 мың км жол жүруіне кепілдік беріледі.

 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 

Сервистік орталықтың қазіргі заманға сай жаңа жабдығы толық ауқымда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «А-Моторс» қызметкерлері, соның ішінде менеджмент те, сервис жұмыскерлері де Nissan корпорациясының оқу орталықтарында үнемі біліктілігін жоғарылатып отырады. Сіздің автомобиліңізді жөндеу үшін және қызмет көрсету үшін Nissan компаниясының түпнұсқа қосалқы бөлшектері пайдаланылады, олардың сапасы бастапқыда орнатылған бөлшектермен бірдей. Қосалқы бөлшектердің барлығына жол жүруіне шек қойылмастан, 12 ай мерзімге өндірушінің кепілдігі беріледі.

 КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР  
  • диагностиканың барлық түрлері;
  • техникалық қызмет көрсету;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • тежегіш жүйелерді диагностикалау және жөндеу;
  • транмиссияны күрделі жөндеу;
  • қосымша жабдықты орнату;
  • қозғалтқыштарды күрделі жөндеу.

 ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  

Nissan Motor Co – Жапонияның өнеркәсіптік корпорациясы, Nissan және Datsun маркалы жеңіл автомобильдерді, жүк машиналары мен автобустарды шығаруға мамандандырылған. Сондай-ақ спорт қайықтарын, байланыс жерсеріктері мен т.б. шығарады. Штаб-пәтері Токиода орналасқан. Nissan Motor Co., Ltd. компаниясының ресми құрылған күні болып оның ізашар компаниясы Jidosha Seizo Co., Ltd құрылған күн – 1933 жылғы 26 желтоқсан саналады. 1951 жылы Nissan компаниясы 6 цилиндрлі қозғалтқышы бар, толық жетекті жол таңдамайтын тұңғыш Patrol автомобилінің шығарылғанын тойлады.

Бүгінде Nissan – жеңіл автомобильдер мен жүк машиналарын шығару көлемі жағынан Жапонияда екінші орын алатын компания. Nissan компаниясының еншілес кәсіпорындары Австралия, Перу, Мексика, Құрама Штаттары, Германия және басқа да елдерде бар. Өзінің миллионыншы автомобилін компания 1962 жылы шығарды, ал он жылдан соң он миллионыншы Nissan жасап шығарылды. 2006 жылдың маусым айында Nissan компаниясы жүз миллионыншы автомобилін шығарып, өзінің 74 жылдық тарихындағы елеулі межеден өткенін мәлімдеді.

 БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ  

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 243
Телефоны: +7 (727) 232 7380, 232 7381, 235 8385, 232 7278
E-mail: nissanastana-motors.kz   Web-site: nissan.a-motors.kz
















ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх